1-билет Генетика бойынша ситуациялық есеп


Осы аурудың клиникалық көріністерінің эпгенетикалық механизмдерін түсіндіріңіз



бет12/44
Дата15.12.2023
өлшемі3,26 Mb.
#137928
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
Генетика 100 Аламын Құдай қаласа Ди

2.Осы аурудың клиникалық көріністерінің эпгенетикалық механизмдерін түсіндіріңіз
ДНҚ метилдену процесі транскрипция процесін блоктау арқылы ген белсенділігін реттейтін негізгі эпигенетикалық механизмдердің бірі болып табылады. Шизофрениямен ауыратын науқастарда геномдық деңгейде ДНҚ метилдену процестерінің бұзылуы, сондай-ақ мидағы нейрондардың жеке субпопуляцияларының гипо және гиперметиляциясының ерекше үлгілері бар.Гендер экпрессциясы басылып калып,ген активті бола алмайды.
Метилдену дегеніміз қандай да бір химиялық қосылысқа, бұл жағдайда ДНҚ-ға метилдік
топтың қосылуы болып табылады. Метилдік топ тек бір көміртегі атомынан және оған
қосылған үш сутегі атомынын СН3(1-сурет) тұрады. Реакцияны метилтрансфераза
ферменттері DNMT1,DNMT3А,DNMT3В қамтамасыз етеді. ДНК-метилтрансферазаның
қысқартылуы DNMT (ағылшынның DNA methyltransferase сөзінен).
Көпшілік жағдайда бұл ферменттер метил топтарын тек цитозинге (Ц) жалғайды,
оның артынан гуанин (Г) ілеседі. Ц және Г қатарларын CpGдеп белгілеу қабылданған.
CpG –бұл ДНҚ-да екі нуклеотидті қосып тұратын фосфатпен бөлінген, цитозин және
гуанин үшін қысқарту.Мұндай CpG-метилдену эпигенетикалық таңбалану деп те аталатын
эпигенетикалық модификация болып табылады. Химиялық қосылыс ДНҚ-ға ДНҚ-дағы төрт негіздің інішде тек цитозин ғана 5-метилцитозинді түзіп метилденуге
ұшырайды. Метилденудің мұндай реакциясы біздің жасушаларымызда, сондай-ақ басқа да
көпшілік ағзаларда мына үш ферменттер DNMT1, DNMT3A немесе DNMT3Bарқылы іске
асады.
Сүтқоректілердегі метилденудің рөлін анықтау жөніндегі іргелі жұмыстар
Эдриан Бёрддің зертханасында орындалды.
1985 жылы Эдриан Бёрд Cell журналында іргелі мақала жариялады. Мақалада
ДНҚ-ның тұтас бойында CpG аймақтарының кездейсоқ таралмағандығын көрсетті. Оның
орнына, CpG жұптарының басым көпшілігі тікелей нақты гендердің транскрипцияланатын
промотор аймағынашоғырланған.Промотор дегеніміз мРНҚ түзілу үшін ДНҚ-дан
ақпараттың көшірілуі үшін ДНҚ-ның транскрипциялық кешені байланысатын геномның
бөлігі. CpG аймақтары көп ДНҚ-ның бөліктері аралшықтар немесе CpG мотивтер деп
аталады. Шамамен,ақуыздарды кодттайтын 60% гендердің промоторлары CpG
аралшықтарында орналасқан. Бұл гендер белсенді кезде, CpG аралшықтарында метилдену
деңгейлері төмен болады. CpG аралшықтары бұл гендер репрессияланған жағдайда ғана
жоғары деңгейде метилденіп тұрады. Түрлі жасушалар типтері, түрлі гендерді
экспрессиялайды. Сондықтан, CpG аралшықтарындағы метилдену моделі түрлі
жасушалар типінде түрліше болуы таңғалатын жағдай емес. ДНҚ-ның метилдену
деңгеиіне оның қаншалықты транскрипцияланатыны байланысты екендігі дәлелденді.
Неғұрлым ДНҚ жоғары дәрежеде метилденген сайын оның транскрипциясының
өнімділігі төмен екендігі белгілі болды. Басқа сөзбен айтқанда, ДНҚ-ның жоғары
дәрежеде метилденуі мен репрессияланған гендер санында тікелей байланыс бар екендігі
анықталды. Көпшілк жағдайда, CpG аралшықтарының метилденуі бастапқыда ген
белсенділігін басып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет