1-билет Генетика бойынша ситуациялық есеп


-билет 40 жастағы жүкті әйел жүктіліктің 8-9 аптасында пренатальды тактиканы анықтау үшін медико генетикалық кеңеске жіберілді



бет11/44
Дата15.12.2023
өлшемі3,26 Mb.
#137928
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44
10-билет
40 жастағы жүкті әйел жүктіліктің 8-9 аптасында пренатальды тактиканы анықтау үшін медико генетикалық кеңеске жіберілді
1.Жүкті әйелге генетиктің кеңесін не себепті ұсынды?кеңестің түрін атаңыз
Медико-генетикалық кеңесті ұсынамыз.Себебі әйелдің жасы 40 жаста яғни бұл кезде тұқым қуалайтын аурулардың көрсеткіші жоғарлайды сол себепті осы әдісті ұсынамын.
Проспективті МГК - т.қ.пат.баланың тууылу қаупі жоғары тұлғаларға,қандас некедегі жұбайларға,жанұясындағы әйел немесе ер кісі жағынан т.қ.патологиясы бар науқастар бар жанұяларға,зиянды сыртқы орта факторларының әсеріне ұшыраған жүктіліктің ерте кезеңдерінде жүкті әйелдерге ұсынылады.яғни бұл әйелдің ешқандай баласы ауру болып берілмеген.
2.Аталған жүктілік кезінде кандай пренатьлды диагностикалау әдісін жүргізуге болады?Осы әдісті сипаттаңыз
Пренатальды әдіс Тікелей әдіс инвазивті әдіс Хорионбиопсия– хорион бүрлерінің кесінділерін алу. Жиі жүктіліктің 8-11 апта аралығында трансабдоминальды (іш пердесін тесу арқылы) немесе трансцервикальды (қынап арқылы) УДЗ аппаратымен бақылау арқылы жүргізіледі. Алынған жасушаларды бірден (молекулалық-генетикалық әдістер арқылы) зерттеуге болады немесе жасанды ортада 1-3 апта өсіріп, әр түрлі әдістермен (биохимиялық, цитогенетикалық, молекулалық-генетикалық) зерттеуге болады. Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуы, қан кету, түсік тастау сияқты асқынулар (1-3%) болуы мүмкін.
11-билет
Науқас А 45 жаста шизофрения диагнозымен жүйке психикалық диспансерде есепте тұрады.Науқас қалыпты дене салмағымен дүниеге келген.Ол мектеп оқушысы болған жылдарындағы уақытта өзінің ойлау қабілеті иен зейінінің төмендігімен,оқушылармен араласа алмауы,қызығушылық төмендігі және айналасындағы қарым қатынасының нашарлығымен сипатталған.Жасы ұлғайған уақытында оғаш мінез құлқымен сипатталған.
1.Шизофрения қандай тұқым қуалайтын аурулар тобына жатады?Анықтама беріңіз
Мультифакторлық аурулар Шизофренияның пайда болу себебі әрі толық зерттелмеген, дегенмен шизофрения әртүрлі жағдайдың, түрлі аурулардың адам психикасына әсер етуіне байланысты пайда болады деген ұғым бар. Ауру кейде ұзақ, кейде ұстамалы түрде тез өтеді. Шизофрения негізінде жоғары жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан болады. Шизофрения кезінде сандырақ, галлюцинация, еліру, мелшиіп қозғалмай қатып қалу сияқты психикалық өзгерістер аурудың үдеуіне қарай күшейе түседі. Ауру күшейген кезде науқас сөйлеспейді, оның ой-сезімі, түсінігі өзгереді, сөйлеген сөзі, айтқан пікірі басқаларға түсініксіз болады. Шизофренияның белгілері кейде өте тез айқын білінсе, кейде өте баяу бірнеше жылдан кейін байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет