Дене түрлерін тізімдеңіз. Конституциялық дене түрлері.
Конституцияның 3 түрі болады.
нормостениялық
гиперстениялық
астениялық
Морфологиялық тұрғыдан алғанда гиперстениктердің денесінің көлденең мөлшері ұзындық мөлшерінен басым болады. Кеуденің ұзындығы қол аяқ ұзындығынан басымдау, ал іштің (құрсақтың) ұзындығы кеуде қуысы ұзындығынан басымдау болады. Бұлар орта бойлы, не ортадан төмен бойы бар бар адамдар функциялық (лат.functio – орындау) тұрғыдан алғанда, гиперстениктерге баяу зат алмасуы тән. Сондықтан бұл адамдарда зат алмасу аурулары басқалармен салыстырғанда, жиірек кездеседі. Мысалы: атеросклероз, қант диабеті, өт және бүйрек тасы, семіздік.
Астениктерде дененің ұзындық мөлшері көлденең мөлшерінен басым болады, қол аяғының ұзындығы кеуде ұзындығынан, ал кеуденің ұзындығы құрсақтың ұзындығынан басым. Бұлардың бойлары ұзын болады. Зат алмасуы көтеріңкі болады. Астениктерде невроз аурулары, өкпе түберкүлезі, асқазан жарасы, спланхноптоз (іш қуысы ағзаларының төмен түсуі) жиірек кездеседі.
Нормостениктерде дене құрылысының қатынас мөлшерлері сақталған, зат алмасу қалыпты жағдайда болады
Достарыңызбен бөлісу: |