1 билет ішкі аурулар туралы ілімнің даму тарихы және орыс және кеңестік терапевтік мектептердің қысқаша сипаттамасы


Тыныс алу шуының түрлері. Олардың пайда болуының физикалық себептері. Негізгі тыныс алу шуының түрлері



бет22/57
Дата29.04.2022
өлшемі127,46 Kb.
#32763
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
Билеты ВБ каз

2 . Тыныс алу шуының түрлері. Олардың пайда болуының физикалық себептері. Негізгі тыныс алу шуының түрлері

өкпе аускультациясында   - тыныс  шулары 2 түрде:

  а) негізгі және  б) қосымша  тыныс  шулары. 

 

Негізгі  тыныс  шулары  н/е  дыбыстары:



 

1- везикулярлық немесе альвеолярлық әлде  көпіршікті  тыныс  дыбысы: 

 

2-  бронхиалды тыныс  дыбысы



 

Везикулярлық немесе альвеолярлық 

тыныс  дыбысы

а- пайда  болу  орны  -  альвеолаларда;

б - пайда болу жолы, яғни дамуы -  тыныс алуда  альвеолалар ауаға  толып, олардың қабырғалары  кернеліп, тербеліс береді -  дыбыс - үрлеген,  жұмсақ,  “ф” әрпі  тәріздес;

 в – естілу кезеңі – тыныс кіруінде толық,  ал  шығаруында – жоғарғы  3/1 бөлігінде. 

Өкпенің барлық көлемінде  естіледі.

Өзгерістері: 

1 – физиологиялық; 2 - дерттік  н/е патологиялық: 

 

Физиологиялық өзгерістері: 



а- әлсіреуі- бұлшық еттер,  тері  асты шел  майы жақсы  дамығанда, жәй   тыныста; өкпе  ұшында,  қолтық астында,  жиегінде; 

 

б - күшеюі- жүдеу,  жұқа  адамдарда;  ауыр жұмыста.   



Физиологиялық  өзгерістер екі жақта бірдей  болады.

 

2 - дерттік  н/е патологиялық:



а- әлсіреуі- естілуі нашарлайды – 

-плевра  өзгерісі - плевра қуысында  сұйықтық,  ауа  жиналуында, плевра  қатаюы, қалындауы, 

-альвеолалар  өзгерісі – ауалығы  жоғарлағанда – эмфизема; ауалығы төмендегенде - қабынулық н/е қабынулық емес сұйықтық жиналғанда; 

-бронх бітелгенде – обтурациялық  ателектазда;    Тыныстың  екі  кезеңіде  қысқарады; 

б- күшеюі – 1) қатаң дыбысты – тыныс шығаруда  жақсы,  ұзақ естіледі -  бронх (майда, ұсақ)  тарылуында (қабыну,  жиырылу);

 2)- үзілісті-саккадирлі  -  тыныс бөлініп  естіледі -бронхтарда қабыну үрдісі бір  келкі   тарамаған  н/е  бұлшық   еттерінің бір  келкі  жиырылмауы (тоңғанда). Жиі  жағдайда - твс дертіне тән. 

 

Дерттік өзгерістер  жиі  бір  жақты болады. 



2-  бронхиалды тыныс  дыбысы:  

а) - пайда  болу  орны – көмей-кеңірдекте, сол себептен көмей-кеңірдек тыныс дыбысы делінеді;

 б) -  даму  жолы – ауа  кірердеде және шығардада кең жерден тар көмейге  иіріммен өтіп, айналасындағы  тығыз дауыс байламдарының  тербелісін тудырады, яғни дыбыс береді, әсіресе шығарда  көмейдің қосымша  тарылуына байланысты ұзақ  болады; 

в) - естілуі –тыныс алуда және  шығаруда - ұзағырақ;  “Х” әрпі   тәріздес дауысты жуан дыбыс

г)- тыңдалу орындары - көмей, кеңірдек, ірі  бронхтар

 - кеуде үстінде – алдынан -  бұл  - мойылдырық  шұңқыры, төстің  тұтқасы  мен  денесінің  жанасқан  жері;  артынан -  7 мойын және І-ІV  кeуде   омырт-қалары  бойында. 

Б.Т. қалыптыда өкпе тінінде естілмейді -альвеола көлемі көп болғандықтан  - альвеолярлық тыныс басады. 

Кейбір дерттік жағдайларда  бронхиалды тыныс  өкпе тінінде пайда болады – 

бұл “Б.Т. қалыпты орнынан тыс жерде пайда болуы” деп  аталады.

Себептері: 

1-өкпе тіні тығыздалуы (қабыну, компрессиялық ателектаз) -  тығыз дене дыбысты жақсы өткізеді; 

2- өкпеде қуыс н/е кеңістік п.б.- оның айналасындағы қабынулық  тін арқылы күшейтіліп   естіледі. 

 

 

Б.Т. дерттік түрлері:



1- амфорикалық (құмыра) -  қуыстың d – үлкен – 8см жоғары, қабырғасы  жұқа,  тегіс ж/е  ірі бронхпен жанасса- дыбыс  тар мойынды ыдысқа үрлеген  дыбысқа  ұқсайды. 

2- “темір” соққандағы дыбыс тәрізді” – ашық пневмоторакста- плевра жарақаты. Қасиеті – дыбыс қатты,  жоғары. 

 Қосымша  тыныс дыбыстары -  дерттік тыныс  шулары.   

Түрлері:


1.Сырылдар    2.Сықырлар

 

3.Плевраның  үйкеліс  шуылы 



 

 

Қосымша  тыныс дыбыстары -  дерттік тыныс  шулары Сырылдар - бронхтарда сұйық  немесе тұтқыр қақырықтың,  қанның  әлде дерттік емес  сұйықтықтың (транссудат) ауамен бірге қозғалысынан әлде бронхтар тарылуында пайда  болатын дерттік тыныс шулары. 



  • Сырылдар 

  - ылғалды және

- құрғақ болып  бөлінеді.

 

     Бұл бронхтардағы  қақырықтың сұйық (ылғалды) әлде тұтқыр  және бронхтардың тарылуына  (құрғақ) байланысты



Құрғақ  сырылдар:

 а)-даму жолы - бронхтар  тарылғанда (жиырылуы, қабыну, бөгде зат, сыртынан қысылуы) н/е тұтқыр (кілегейлі), шірішті  қақырық  жиналғанда пайда болады; 

 б) -  сипаты - бронхтардың көлеміне байланысты  -  төмен, гүрілдеген (ірі бронхтар); ызыңдаған  (орташа);  жоғары, ысқырықты  (майда, ұсақ). Өкпе үстінде таралып н/е шектеліп  естілуі мүмкін. 

Бронхилды астмада – алыстан естіледі.

       

 

Ылғалды сырылдар:


а)-даму жолы-бронхтарда н/е қуыстарда

жиналған сұйықтардан ауа өткенде пайда болған көпіршіктердің жарылған дыбысы

б)- сипаты - бронхтардың көлеміне байланысты - ірі (ірі бронхтар, кеңірдек, бронхтармен жанасқан кеңістіктер), орташа, майда көпіршікті сырылдар болып бөлінеді. 

Ірі көпіршікті сырылдар қашықтықтада  естіледі (өкпе ісінуі, өлім  халінде). Сырылдар бронхтар  қабынуына  тәндік белгі.


Естілуі- тыныстың екі кезеңіндеде;  ал  бронхтар (ұсақ, майда)  тарылуында –тыныс шығарғанда жақсы естіледі (тыныс шығару ұзарады);  жөтелден  кейін азаюы  н/е жоғалуы  мүмкін.
 

Сықырлар: 

а) – даму жолы - альвеола  қабырғаларына  сұйықтық (тұтқыр, қан, транссудат)  жиналғанда -  олар бір-бірімен  жабысып,  келесі  тыныс  алуда күшпен   ажырап,  сықыр  тәрізді  дыбыс береді (аяздағы қардың  сықыры, саусақтарды бір-бірімен үйкегендегі дыбысқа  ұқсайды); 

б) - естілуі -  тыныс алудың  ең жоғарғы кезеңі (өкпе қабынуының І-ІІІ кезеңі, твс,  өкпе инфарктісі, компрессиялық   ателектаз, ал    жұрек  дерттерінде  - өкпенің  төменгі бөлігінде). 

Сырылдан айырмашылығы (ұсақ көпіршікті):1)-естілу кезеңі; 2) - жөтелгенде - өзгермейді.
Плевраның  үйкеліс  шуылы:
а)- даму жолы – плевра үйкелісі  қалыптыда естілмейді – сурфактант және беті  тегіс, ал  қабынуда – осы қасиеттері жоғалады, фибрин тұнып,  беті бұдырланады – үйкеліс шуылы    пайда болады;

б)- сипаты 

- құрғақ плевритте  болады;-

-тыныстың екі кезеңінде    естіледі;

-жөтелден  кейін  өзгермейді; 

-құлаққа  жақын  естіледі

-фонендоскоппен бассаң- күшееді; 

-ал мұрын мен ауызды  жауып, құрсақты қозғалтса – диафрагма  қозғалуына  сәйкес естіледі, өйткені    оған  жанасады (сырыл мен  сықырдан  айырмашылығы).

     

 

Баланың айқайы аускультацияға кедергі болмайды- керіснше тыныс тереңдеп сырылдар жақсы естіледі;



Жаңа туған және 3-6 ай аралығында - әлсіреген везикулярлы тыныс болады;

6 айдан 5-7 жасқа дейін пуэрильды тыныс –тыныс алу мен шығару кезеңі бірдей – күшейтілген везикулярлы тынысқа ұқсайды;



  • Ерекше тыңдалатын аймақтар:

-қолтық асты –пневмонияларда бронхиалды тыныс ерте дамиды

-омыртқа бағанасының екі жаны –кіші балаларда пневмонияның жиі дамитын ошақтарына сәйкес келеді

-омыртқа бағанасы мен жауырын орталығы  (өкпе түбірі аймағы)- пневмония мен туберкулездың     бастапқы дамитын аймақтары

-жауырын асты –крепитациялар ерте естіледі




  1. Аускультация кезіндегі жүрек дыбыстарының сипаттамасы. Тон сипаттамаларының нұсқалары. Тонның дыбысына әсер ететін себептер.

1. I дыбыс (тон) жүректің ұшынан жақсы естіледі, күштілеу де
және қатты, ұзақ.

2. II дыбыс (тон) қысқа үзілістен кейін пайда болады.


Мұның себептері жүрек ұшына екі жармалы қақпақшада болатын дыбыстар жақсы тарайды. Ол сол жақ қарыншаның күшейіп жиырылуынан, қақпакшалардың хордалық жіпшелерінің қозғалысынан I дыбыс (тон) пайда болады. II дыбыс (тон) бұдан қашықтау жерде пайда болады және бұл аймаққа әлсіз тарайды.

  1. I дыбыс (тон) жүрек ұшының түрткісімен, ұйқы артериясының және пульстің соғуына сәйкес келеді.

II дыбыс қабырға аралығында оң жақта (қолқа) және төстін жиегіңде, сол жағында (өкле артериясы) I дыбысқа карағанда II дыбыс жақсы естіледі. Осы жерге айшық тәрізді қақпакшалардың жабылғанынан пайда болатын II дыбыс та жақсы естіледі.

Жүрек дыбыстарының (тон) күшінің өзгеруі, бұлар әр түрлі болып өзгереді, екі дыбысы да бірдей күшейіп немесе бәсеңсуі, кейде біреуі күшейіп, екіншісі бәсендеу естілуі мүмкін. Міне осы жағдайларды ажырата білу керек.


________________________________________________________________________

5 БИЛЕТ






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет