Ұлғаю кезіндегі газдың жұмысы егер поршень цилиндрлі ыдыста болса, онда газ ұлғайып поршеньді жылжытады, арақашықтығы dl, онда жұмыс:
мұндағы - поршеннің ауданы.
1 – сурет
Газдың көлемін V1-ден V2-ге өзгерткен кездегі толық жұмыс A мынаған тең:
Тепе-теңдік процестер - бұл процестер, тізбектелген тепе-теңдік құрамдардан тұрады. Барлық реалдық процестер тепе-теңсіз, бірақ кейбір жағдайдағы (жеткілікті баяу процестер) тепе-теңсіз реалдық процестерге тепе-теңдік мәндер беруге болады. Тепе-теңдік процестерді графикалық координаттар (P,V) бейнелейді. Ондағы жұмыс δA=pdv штрихталған жолақтардың ауданымен анықталады.
Жылу сыйымдылық
Қандай да бір дененің жылу сыйымдылығы деп оның температурасын бір градусқа көтеру үшін керекті жылу мөлшеріне тең шаманы айтады.
Егер де денеге берілген жылу мөлшері оның температурасын шамасына арттыратын болса, онда анықтама бойынша газ меншікті жылу сыйымдылығы деп, C – 1кг газ 1К қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерінің шамасын айтамыз:
Мольдік жылу сыйымдылық Сm –заттың 1 молін 1К қыздыруға кеткен жылу мөлшеріне тең шама:
меншікті және мольдік жылу сыйымдықтардың байланысын:
Жылу сыйымдылығының шамасы денені қыздыру шарттарына тәуелді болады. Қыздыруды көлем немесе қысым тұрақты болған жағдайда жүргізгендегі жылу
сыйымдылықтардың айрықша маңызы бар.
Егер заттарды қыздыру процессі кезінде оның көлемі тұрақты болғанда, жылу сыйымдылық:
қысымы тұрақты болғанда, жылу сыйымдылық:
және арасындағы байланысты мына түрде көрсетуге болады:
бұл теңдеу Майер теңдеуі. Әрбір газға тән шамасының шамасына қатынасы:
Теңдеуден байқағанымыздай, шамасы молекуланың еркіндік дәрежесінің саны мен сипаты арқылы анықталады.
Көптеген экспернменттердің қорытындысы жылу сыйымдылықтың температура өсуіне байланысты барлык заттар үшін өсетінін көрсетеді. Температура төмендеген сайын жылу сыйымдылык та азаяды
Достарыңызбен бөлісу: |