3. Дыбыс жиілігі 435 Гц, ауада таралу жылдамдығы 340 м/с. Негізгі тондағы толқын ұзындығы анықтаңыз.
№21 билет
1. Магнит өрісі, магнит өрісін сипаттайтын физикалық шамалар. Ампер күші.Лоренц күші.
Тұрақты магниттің және бойында тоғы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісі болады. Мұны білу үшін екі параллель өткізгіш алып, бірдей бағытта тоқ жүргізейік, сонда бұл өткізгіштер бірін-бірі тартады. Егер тоқтардың бағыты қарама-қарсы болса, өткізгіштер бірін-бірі тебеді.
Электростатикада электр өрісінін зерттеуде шамасы зарядтан қашықтығымен салыстырғанда аз болатын нүктелік «сыншы» зарядтарды пайдаланады. Ал магнит өрісін зерттегенде бойында тоғы бар рама алмыз. Рамканың геометриялық размері (шамасы) тоғы бар өткізгіш арасымен салыстырғанда өте кішкентай деп есептейміз. Тәжірибелер осындай кішкентай рамкалар бойынша тоғы бар өткізгіш жанында белгілі бағытта бұрылады. Ендеше магнит өрісі рамкаға бағдарлаушы күшпен әсер етеді. Бойында тоғы бар рамкаға нормаль түсірейік (1 - сурет.)
1 - сурет
Сонда бұранда ережесі бойынша рамкадағы тоқ бағыты бұранданың айналу бағытын көрсетсе, бұранданың ілгерлеуі бағыты нормальдің бағытын көрсетеді. Сыншы контурды магнит өрісіне әкелсек, онда сол нүктедегі өріс бағытын контурдың (раманың) оң бағыты көрсетеді. Егер контурды өріс пен нормальдің бағытына сәйкес келмейтіндей етіп бұрсақ, онда контурды бұрынғы қалпына келтіруге тырысатын айналу моменті пайда болады. Бұл момент рамадағы тоққа, ауданға және сол нүктедегі өріске пропорционал болады, раманы айналдырушы күш моменті :
(1)
Мұнда - магнит индукция векторы, - магниттік моменті. Ал, тоғы бар раманың магниттік моменті:
(2)
Мұндағы І-рамадағы тоқ, S-рама ауданы, - рама бетіне перпендикуляр бірлік векторы.Егер магнит өрісінің берілген нүктесіне магниттік моменті әртүрлі рамаларды әкелсек, онда оларға әсер етуші айналдырушы моменттер әртүрлі болады. Бірақ мына қатынас орындалады:
Магнит индукциясы векторлық шама. Бағыты раманың оң нормалінің бағытымен бағыттас.Тоқтың магнит өрісі кернеулігінің магнит индукция векторымен байланыстылығы мына формуламен анықталады:
(3)
немесе
Мұнда магниттік тұрақты, - ортаның магниттік өтімділігі, - магнит өрісісінің кернеуі.
Ампер заңы. Магнит өрісінің бойында тоғы бар өткізгішке әсерін зерттей отырып, Ампер мынадай заңды тағайындады:
мұнда - мен векторының арасындағы бұрыш. бағыты сол қол ережесі бойынша анықталады. Магнит өрісіндегі бойында тағы бар өткізгіш элементі dl-ге өріс тарпынан әсер етуші күш тоққа пропорционал және dl элементінің магнит индукциясына векторлық көбейтісіне тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |