Қарапайым жүйелердің магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Лоренц күші. Магнит өрісіндегі бойында тоғы бар өткізгіштің dl элементіне әсер ететін күш Ампер заңы бойынша:
болады. Ал тоқ дегеніміз зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы. Ендеше магнит өрісі зарядқа әсер етеді ойлауға болады. Осы күшті есептейік. Егер n0 көлем бірлігіндегі заряд саны болса, ал зарядтардың қозғалыс жылдамдығы болса, ал S-өткізгіштің көлденең қимасың ауданы болсын, сонда бір өлшем уақыт ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд саны n=n0vS болады. Ал тоқ I=nq, q-бір зарядтың шамасы. Яғни, тоқ:
Бұл шаманы Ампер күшін анықтайтын теңдеуге қойып,
Осы бөліктегі заряд саны n0Sdl болады. Ендеше, бір зарядқа әсер етуші күш
болады. Теңдеудегі шамаларды қысқарта келіп,
немесе
Бұл формула Лоренц формуласы делінеді. Лоренц күшінің бағыты сол қол ережесі арқылы анықталады.
4 - сурет
Егер сол қолымыздың алақанына Ө векторы кіретіндей етіп, ал жазылған төрт саусақ оң зарядтардың қозғалыс бағытын көрсететіндей етіп ұстасақ, 900-қа керіп қойған бас бармақ Лоренц күшінің бағытын көрсетеді 4 - сурет. 4 - суреттегі векторының бағыты суретте бізге барай бағытталған. Егер магнит өрісіндегі заряд теріс болса, Лоренц күші жоғары бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |