Кез келген байланыс желілері өз абоненттерінің арасында коммутация әдістерін қолданады. Мұндай абоненттердің құрамына локалдық желілерді, факс аппараттарын, телефон аппараттарын жатқызуға болады. Бір-бірімен байланысты абоненттерге жекелеген түрде коммутацияланбаған физикалық байланыс линиясын ұйымдастыру практикалық тұрғыда мүмкін емес.
Коммутация деп желідегі екі тораптың арасында мәлімет алмасу үшін баламалы бірнеше бағыттың ішінен тиімдісін таңдауға мүмкіндік беретін технологияны айтамыз.
Желіде абоненттерді коммутациялаудың үш түрлі сызбасы бар:
каналдар коммутациясы (сir cuit switching);
дестелер коммутациясы (paket switching);
хабарламалар коммутациясы (message switching).
Каналдар коммутациясы мен дестелер коммутациясы желілерін белгілері бойынша 2 топқа бөлуге болады: динамикалық коммутациялық желі, тұрақты коммутациялық желі. Динамикалық коммутациялық желіде екі пайдаланушының өзара байланысу периоды бірнеше секундтардан бірнеше сағаттарға созылады. Ал, тұрақты коммутациялық желіде байланыс ұзақтығы бірнеше айларға созылады.
2.Тораптарды адрестеу схемалары Ақпараттық-есептеу торабының құрылымы.Деректерді өңдеудің ірі масштабтағы жүйелерін құру үшін жекелеген өнеркәсіптер мен ұйымдарға қызмет көрсететін есептеу орталықтары (ЕО) мен ЭЕМ-дер деректерді беру жабдықтарының көмегімен ақпараттық-есептеу тораптарына (АЕТ) біріктіріледі. Мынадай белгіленулер қабылданған: ДБ-деректер банкы; басты ЭЕМ; ұжымдық қолданыстағы
№18 билет есептеу орталығы (ҰҚЕО); дербес ЭЕМ (ДЭЕМ); торап администраторы (ТА); жырақтан деректерді телеөңдеу процессоры (ЖДТП); коммутация түйіні (КТ); коммутация орталығы (КО); ДБ мультиплексоры (ДБМ); терминалды ЭЕМ.Жалпы жағдайда АЕТ логикалық модульдердің үш класын қамтиды:
- қолданушылар деректерін өңдеу модульдері, абонентке түрлі есептеу ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл модульдер АЕТ-ң басты мақсаты – қолданушылар деректерін өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді;