Желіні физикалық құрылымдау көп жағдайларда пайдалы болып келеді, дегенмен, кейде әдетте орта және үлкен көлемдегі желілерге қатысты желіні логикалық құрылымдаусыз жұмыс жасау мүмкін болмайды. Физикалық құрылымдау арқылы шешілмейтін маңызды проблемалардың бірі желінің түрлі физикалық сегменттері арасында берілетін трафикті бөлу проблемасы қарастырылады.
№21 билет
Үлкен желіде ақпараттық толымдылықтың бір қалыпты болмауы орын алады: желі жұмыс топтарының көптеген бөліктерінен, кәсіпорын филиалдары мен бөлімдері және басқа әкімшілік құрылымдардан тұрады. Берілгендердің интенсивті ауысуы көп жағдайда бір желі бөлігіне тиесілі компьютерлер арасында байқалады, айналымның аз бөлігі локальдік жұмыс топтарынан тыс орналасқан компьютер ресурстарында орын алады. (Осы уақытқа дейін трафиктердің осылайша сәйкес келуі күмән туғызбаған, ол үшін әр желі бөлігінде трафиктердің 80% ішкі, 20% сыртқы болып келетін «80/20» эмпирикалық заңы қалыптасқан еді).
3.Мультимедиялық технологияларды тиімді пайдаланудың шарттары Әрбір оқытушы өзінің педагогикалық қызметін жоғары деңгейде көрсетуі үшін мультимедиалық технологияларды пайдалана білуімен қатар, сол аталған технологияларды тікелей оқыту процесінде қолданудың қажеттіліктерін анықтай білуі керек.
Бірінші қажеттілік – дәстүрлі оқыту әдісінде тәжірибелік дәлелдеулері жүзеге асырылуы мүмкін емес заңдылықтар мен теорияларды, ұғымдарды, макро және микроәлем жөніндегі түсініктерді, пәнаралық байланыс сипатындағы күрделі оқу материалдарын оқыту үшін студенттер мен оқушыларда қажетті білімдер жүйесінің болуы.
Екінші қажеттілік – студенттер мен оқушыларда репродуктивті дағдының қалыптасуы. Мұндай қажеттілік оқу экспериментін жобалау, оқу мазмұнына қатысты мәліметтерді жинақтау, жүйелеу, жіктеу, талдау секілді іс-әрекеттер кезінде байқалады.
World Wide Web қызметі – электронды құжаттардың ерекше түрі - Web-құжаттар немесе қарапайым түрде Web-парақтар деп аталатын құжаттарға қол жеткізу үшін қолданылады. Web-парақ деп құрамында мәтіннен басқа арнайы форматтау командалары мен құрамдас объектілер (суреттер, аудио- және видеоклиптер, т.б.) болатын электронды құжат түрін айтады. World Wide Web (WWW немесе Web) Интернет мәлiметтерiн жеңiл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкiндiгiн бередi. Ондағы мәлiметтер мен олардың бiр-бiрiмен байланысын ақпараттық «өрмек» деп айтса да болады. Web-тiң әр бетiнiң басқа парақтармен байланысын көрсететiн сiлтеме белгiлерi бар, оны бiр-бiрiмен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кiтапхана деуге болады. Бiр тораптық компьютерде орналасқан мәлiметтер Web кiтабы секiлдi, ал оның беттерi кiтап парақтарын көзге елестедi. Бұл беттердегi мәлiметтер дүниенiң кез келген бұрышында орналаса бередi. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлiк компьютерлердегi ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы – қымбат, жақындағы – арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәлiметтiң көлемiне немесе байланысып отырған уақыттың ұзақтығына байланысты. Web мәлiметтерiн қарау адресi көрсетiлген белгiлi бiр тораптық (түйiндi) компьютерден басталады.