1-билет Компьютерлік желілердің жіктелуі


Хабарламалар коммутациясы



бет3/25
Дата18.03.2023
өлшемі91,25 Kb.
#75324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
2. Хабарламалар коммутациясы
Хабарлар коммутациясы (Коммутация сообщений; message switching) — мәліметтер хабарламаларының қабылдануын, олардың жинақталуы мен келесі компьютерлік түйінге жеткізілуін іске асыратын коммутация.
2-билет
Хабарлама коммутациясы бар желіде басқа шеттегі құрылғыға беруге арналған ақпарат коммутация жүйесінде сақталады және талап етілген тағайындалған пунктіге біраз кешігумен беріледі.
ХК бар желілердің үлкен артықшылығы арналарды жақсы пайдалану мен желінің артық жүктемеге төмен сезгіштігі болып табылады. Желінің жеке учаскелерге жұмыс істеуі кезінде қандай да бір уақыт кезеңінде жүктеме кенет артуы мүмкін. Мұның себебі қарқынды ақпарат алмасуды туындататын оқиғалар немесе арналардың бұзылуы (жарамды арналар ақаулы арналардың жүктемесін қабылдауға мәжбүр) болады. ХКҚ-да хабарлама жинақтаушыда сақталатын болғандықтан, жүктемесі тым көп бағыттарда кезектің артуы орын алады.
3. Желіні бағыттауыш арқылы логикалық құрылымдау
Бағыттауыштар әртүрлі типті локальдық желілерді байланыстырудың тиімді құралы болып табылады. Әрбір желі сегментінің логикалық идентификаторымен жекелей жұмыс істеу бағыттауыштардың негізгі функциясы болып табылады. Осыған байланысты бағыттауыш негізіндегі желіаралық іс-әрекет логикалық әртүрлі желілер жиынтығын біріктіруге мүмкіндік береді.
Бағыттауыштың мост құралынан ерекшелігі - оның өз мәліметтер базасында сақталған толық ақпаратпен жұмыс істейтін және сәйкесті хаттамамен қамтамасыз ететін бағдарламалық компоненті бар. Бағыттауыштың мәліметтер базасы бағыттауыш кестесі деп те аталады. Бағыттауыш кестесінде әрбір ақпарат дестесінің жөнелтушіден қабылдаушыға дейінгі жүріп өткен жолы (маршруты) жөнінде мәлімет сақталады.
.
3-билет

  1. Серверлік желілер.

Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған — оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарынын негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары дейгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларынын функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет