Когерент толқындар туралы түсінік. Юнг тәжірибесі
Когеренттік (лат. сohaerens – байланыста тұрған) – бір-бірімен қосылған бірнеше тербелмелі не толқынды процестердің уақыт пен кеңістікте үйлесімді өтуі.
Когерентті толқын — егер екі толқынның тербеліс жиілігі мен тұрақты фаза ығысуы бірдей болса, олар когерентті толқындар деп аталады. Когеренттік электрмагниттік толқындарда да байқалады. Когерентті толқындар қосылған кезде бір-бірін күшейтеді не әлсіретеді.
Когерентті сәуле шығару — сәуле шығару кезінде өрістің кез келген екі нүктесінде тербеліс фазаларының айырымы тұрақты қалатын сәуле шығаруы.
Егер тербеліс көздері
бірдей жиілікпен, бірдей бағытта, бірдей фазада не тұрақты фазалар айырмасында
тербеліс жасаса, ондай көздерді когерентті тербеліс көздері деп атайды.
Жарық интерференциясын ашқан Юнг 1802 жылы дифракциядан классикалық тәжірибе жасады.Мөлдір емес қалқаға ол түйреуішпен бір-біріне жақын, кішкене екі В және С тесік жасады.Бұл тесіктер екінші қалқадағы кішкене А тесіктен өткен жіңішке жарық шоғымен жарықталды.Ол
кезде ойлап табуы оңай емес, дәл осы жайт тәжірибенің сәтті болуына себеп болды.Тек когерентті толқындар ғана интерференцияланады.Гюйгенс принципіне сәйкес А тесіктен пайда болатын сфералық толқын В мен С тесіктерде когерентті толқындар туғызады.Дифракция салдарынан В мен С тесіктерден,
аздап бірін-бірі жабатын, екі жарық конус шықты.Жарық толқынндарының интерфенциясы нәтижесінен, экранда кезектесіп келетін ашық және көмескі жолақтардың жоғалып кеткенін көрді.Міне, дәл осы
тәжірибе арқылы Юнг алғаш рет, әр түсті жарық сәулелеріне сәйкес келетін, толқындар ұзындығын өте дәл өлшеді.