Жұмыс=күш*жол A=F*s (Дж)
Жұмыстың мұндай халықаралық бірлігі Джоульдің құрметіне джоуль деп аталады.
Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады.
Қуат= N=
Қарапайым тілмен айтқанда, қуат деп жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасын айтады.
Қуаттың өлшеу бірлігі ватт. Ол Джейми Уаттың құрметіне атт деп қойылған.
3. Берілгені:
17-билет
1. Дыбыстың шағылуы. Жаңғырық. Ультрадыбыс
Дыбыс толқындары таралғанда, алдында кедергі болса, ол шағылады. Дыбыс толқындарының таралуы материялық бөлшекутердің қозғалысына ұқсас болғандықтан, оның шағылуы серпімді соққыдан онша ерекшеленбейді. Қарапайым бақылау дыбыстың шағылуы кезінде түсу бұрышы оның шағылу бұрышына тең болатынын көрсетеді.
Жаңғырық та дыбыстың бөгеттен шағылу нәтижесі..
Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралғаг орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Дыбыстың әр түрлі кдергілерден шағылуы барысында естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Тербеліс жиілігі 20000Гц жоғары болса, ол ультрадыбыстар.
Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді.
Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады. Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтакталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады.
Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы жүйке жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.
Ультрадыбыстарды дельфиндер, иттер, жарқанаттар және басқа да тіршілік иелері шығарады. Мысалы, жарқанаттың ультрадыбыстық гидролокаторлары адам жасаған ең күшті деп есептелетін радио және гидролокаторлармен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген.
2. Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. Иінді таразылар
Қозғалмайтын тіреудің немесе осьтің төңірегінде айнала алатын кез келген дене иіндік деп аталады.Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін тіреу нүктесі деп атайды. Тіреу нүктесінен иіндікке дейінгі ұзындықтарды d1 және d2 күш иіні дейді.
Айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісін күш моменті дейді.
M=F*d (H*м)
Айналатын дененің тепе-теңдік шарты: біліктің сол жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысы біліктің оң жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысына тең болса, айналатын дене тепе-теңдікте тұрады.
Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады. Оның жұмыс істеу принципі айналатын дененің тепе-теңдік шартына негізделеді.
Егер гір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.
Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.
3. Берілгені:
18-билет
1. Сызықтық, бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |