η=*100%
3.
22-билет
1. Энергия. Энергияның айналу және сақталу заңы.
Материяның барлық түрлерінің өзара әрекеттесуінің және қозғалысының жалпы сандық өлшемі энергия деп аталады. (Дж) Механикалық энергияның 2 түрі бар:
1) Қозғалыстағы дененің энергиясын кинетикалық энергия деп атайды. Мысалы, ұшқан құстың, атылған оқтың, соққан желдің кинетикалық энергиясы болады.
Ол жылдамдыққа және жұмысқа тәуелді.
2)Потенциалдық эенргия дегеніміз – денелердің немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланыстыболатын энергия.
En=mgh En= Ол дененің массасы мен көтерілу биктігіне тәуелді.
Бір-бірімен тартылыс және серпімділік күтері арқылы әрекеттесетін денелердің тұйық жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады: E=Ek+En=const
Сақталу заңы: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді жән жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады. Потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға, кинетикалық энергияның потенциалдық энергияға айналуы табиғатта ең тамаша заңдарының бірі.
2.Жарықтың шағылуы. Шағылу және сыну заңдары
Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы деп атайды.
Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеде тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрышты сыну бұрышы γ деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |