20-билет
1. Заттардың құрылысына көзқарас. МКТ негізгі қағидалары.
Демокрит кез келген денені ұсақтап бөліп, ең соңында бөлінбейтін бөлшек – атомды(гр. атомос-бөлінбейтін) алуға болады деді. Оны Эпикур қолдады. Алайда олай дәлелденбеген, жай болжам болатын. Сондықтан, оған мән бермеді. Аристотельдің өзі денені шексіз бөле беруге бола деді. Джордано Бруно денелердің атомдардан тұратынын қорғаумен өтті.
Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары: (Ломоносов):
1) Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден – молекулалар мен атомдардан (Лосоносовша корпускалардан) тұрады
2) Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады.
3) Молекулалар мен атомдар өзара әрекеттеседі.
2. Аспан сферасы. Аспан координаталар жүйесі. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы.
Аспан сферасы – радиусы анықталмаған жорамал сфера. Аспан сөзі үнді тілінде тастан жасалған күмбез деген ұғымды береді.
Бұрыштық қашықтық деп сферадағы екі нүктенің арасындағы доғамен өлшенетін қашықтықты немесе оған сәйкес орталық бұрыш шамасын айтады.
Құрылысы: Зенит, Надир, Көкжиек, Тік сызық, вертикаль, эклиптика, меридиан, экватор, оңтүстік, солтүстік дүние полюстері, Талтүстік сызық.
Эклиптика – Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы өтетін үлкекн дөңгелек.
Аспан координаталары аспан денелерінің аспан сферасында орналасуын анықтайды.
Кординаталардың көкжиектік жүйесі: Аспан шырағының орны екі бұрышпен анықталады, оның бірі көкжиек сызығы бойымен өлшенетін шырақ вертикаліне дейінгі бұрыш азимут. Екіншісі вертикаль бойымен өлшенетін шырақтың көкжиектен бұрыштық қашықтығы шырақ биіктігі. Мұнда аспан денелерінің көкжиектік координаталарының мәні уақыт пен бақылаушының орнына байланысты.
Кординаталардың экваторлық жүйесі: Аспан сферасындағы жұлдыздардың ондағы орындары өзгермейді. Сондықтан онымен бірге қозғалатын координаталар жүйесін қолдану ыңғайлы. Ол экваторлық координаталар жүйесі. Оның негізгі жазықтығы аспан экваторының жазықтығы.
ЖАЖК екі бөліктен құралған: жұлдыздар картасы, қондырма дөңгелек. ЖАЖК белгілі бір орында жылдың кез келген күні мен тәуліктің әр сәтінде жұлдызды аспанның көрінісін айқындау мақсатында қолданылады.
3.
Достарыңызбен бөлісу: |