5-билет
1.Бұрыштық және сызықтық бұрыштар. Центрге тартқыш үдеу
Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады.
(рад/с)
Дененің шеңбер бойымен қозғалысын қарастырғанда, дененің түзусызықты қозғалысын сипаттайтын жылдамдық та қолданыла береді. Бірақ дененің шеңбер бойымен қозғалысы жағдайында оны сызықтық жылдамдық деп атайды.
U= s=2πR
U=wR w=U/R
Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалатын дененің үдеуі шеңбердің кез келген нүктесінде радиус борйымен оның центріне қарай тартылады. Сондықтан оны центрге тартқыш үдеу атайды. ац.т. = υ2 /R
2. Ауырлық күші. Салмақ. Салмақсыздық.
Әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады.
Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі – денелердің Жерге тартылу күші ауырлық күші деп аталады. Fa=mg g=9,8H/кг
Массасы 1 кг денені Жер 9,81 Н, Ай 1,62Н, Марс 3,73Н күшпен тартады, яғни ауырлық күші Жердегіге қарағанда Айда 6 есе, Марста 2,6 есе аз.
Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталады. Ол физикалық векторлық шама. Ол Р әрпімен белгіленеді.
Тіректің денеге әрекет ететін күші тіректің реакция күші деп аталады. Ол N (өлшем бірлігі Н) әрпімен белгіленеді. P=N=Fa=mg
Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын асқын салмақ дейді. P=m(g+a) Лифтен көтеріліп бара жатқанда асқын салмаққа ұшыраймыз.
Салмағы нөлге тең болатын дененің күйі салмақсыздық деп аталады.
Тұғырдан суға секіргенде, Лифтімен төмен түскенде сезінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |