Ньютонның бірінші заңы: егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе оларға әрекет ететін басқа денелердің әрекеті компенсацияланған болса, онда инерциялық деп алынатын санақ жүйелеріне қатысты дене өзінің жылдамдығын өзгертей сақтайды.
Ньютонның бірінші заңы орындалатын санақ жүйесі инерциялық санақ жүйесі деп аталады. Идеал инерциялық санақ жүйесінің болуы мүмкін емес.
Күн центрімен байланысқан және осьтері жұлдыздарға бағытталған гелиоцентрлік санақ жүйесін инерциялық санақ жүйесі деуге болады. Алайда ол да идеал санақ жүйесі бола алмайды.
2. Броундық қозғалыс. Молекула қозғалысы. Диффузия
1827ж. ағылшын ғалымы Броун эксперимент жүзінде молекулалардың үздіксіз қозғалатынын дәлелдеді. Ол өсімдіктердің сұйық ішіндегі тозаңшаларын микроскопта бақылау барысында олардың үздіксіз қозғалыста болатынын көрді. Содан ол сұйықтың көрінбейтін ұсақ бөлшектерден тұратынын және олардың үздікіз қозғалатынын ұқты.
Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалысы броундық қ озғалыс деп аталады.
Молекула – сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.
Бір заттың моллекулаларының екінші заттың молекулаларының аралығындағы бос орындарға өтіп таралуын диффузия деп атайды. Мысалы: әтірдің ауаға таралуы, оттегінің суға енуі, микробтардың адам терісіне енуі. Денелерді қыздырғанда диффузия тез өтеді.
3. Берілгені: Шешуі:
m=20кг An=P*h Р=20кг*9,8Н/кг=200Н
h=4м P=mg An=200Н*4м=800Дж
AT=900Дж η= η= =89%
g=9.8H/кг Жауабы: 89%
Табу керек:
η=?
Достарыңызбен бөлісу: |