1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі



бет43/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83
16. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі
Қазан төңкерісі-1917 жылы 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады. Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады. Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады. Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917 жылы 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысының басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жолмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады. 1917 жылы желтоқсан – 1918 жылы наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның орта кезінде көшті. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918 жылы көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі. Кеңес өкіметі 1917 жылы наурыз айында Жаркент, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылы наурыз айына дейін Кеңес өкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет