1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


«Тәуелсіздік белестері» еңбегінің маңызы



бет51/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
78. «Тәуелсіздік белестері» еңбегінің маңызы
Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Сөз басында Президент: Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады деп кітаптың мазмұнын айқындап береді.Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады. Сондай-ақ, кітапта қазақстандық даму үлгісінің табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдарымен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген. Кітап еліміздің жаңа тарихын тұтас қамтыған, мазмұны аса бай 4 бөлімнен тұрады. Нақтырақ айтқанда, Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы (1991-1995 жылдар), Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы (1996-1999 жылдар), Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы (2000-2010 жылдар), Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы (2010-шы жылдар) бөлімдері оқырман қауымның назарына ұсынылып отыр.Сондай-ақ, кітапта еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген басты 33 жетістігі мен оған жету жолдары жан-жақты айтылған. Олардың қатарында: заманауи қуатты мемлекет құру, халықаралық дәрежеде мойындалған нақты шекара, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі, Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы, нарықтық экономикаға өту, ұлттық валюта, жаңа елордамыз – Астананы салу, қуатты әрі заманауи Қарулы Күштеріміздің құрылуы, кең көлемдегі инновациялық индустриаландыру, әлеуметтік жаңғыру, ЕҚЫҰ-ға және басқа да беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық ету, «Қазақстан-2030» Стратегиясында көзделген басымдықтардың мерзімінен бұрын орындалуы және 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Бес институционалдық реформа, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін өткізу және халқымыздың мақтанышына айналған еліміздің тағы басқа да аса маңызды жетістіктері бар.әуелсіздік белестері» еңбегінің маңызы
19 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет