1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау



бет47/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
47. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын анықтау
ҚР мемлекеттік шекарасы туралы заң 2013жылы 16 қаңтарда. Ол ҚР үкіметінің 2012 ж 30 қазанындағы номери 1369 қаулысымен ӨР парламенті мәжілісінің қарауына енгізілді . Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына қатысты қоғамдық қатынастарды реттейді, оны қорғаудың (күзетудің) құқықтық негіздерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мақсатын, міндеттері мен құзыретін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға (күзетуге) қатысатын өзге де органдардың өкілеттігін белгілейді және бекітеді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) - Қазақстан Республикасы аумағының шегін (құрлығын, суын, жер қойнауын, әуе кеңістігін) айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша тігінен өтетін жазықтық және Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің әрекет етуінің кеңістіктегі шегі.
7-бап. Мемлекеттік шекараны күзету
Құрлықтағы (оның ішінде Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде), аумақтық сулардағы (теңіздегі) және ішкі сулардағы (оның ішінде су асты ортасында (Каспий теңізінде) Мемлекеттік шекараны күзету Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктеледі.
2. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны күзету Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жүктеледі.
8-бап. Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау жөніндегі шаралар
1. Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзету түрлерін, нысандарын және тәсілдерін Қазақстан Республикасының шекара қауіпсіздігі мүдделерін ескере отырып, өз құзыреті шеңберінде уәкілетті органдар белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзету жөніндегі іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың күштері мен құралдарын тартады.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекараны қорғау мен күзетуде жалпы танылған халықаралық құқық принциптері мен нормалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттермен ынтымақтасады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы негізгі құжат қолданыстағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы» Заңдар болып табылады, олар 1993 жылғы 13 қаңтарда қабылданған болатын. Аталған Заңның нормалары өз негізін «КСРО Мемлекеттік шекарасы туралы» КСРО Заңынан алды, соңынан оның бастапқы ережелері нақты құрылған қазақстан-қытай шекарасы учаскесіне бастапқы қойылған талаптарға жауап берді.
Қазіргі уақытта Мемлекеттік шекарадағы жағдай оны қорғауды жетілдіруді, шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер әзірлеуді қажет етеді, бұл әрине құқықтық реттеуді талап етеді. Сондай-ақ қолданыстағы Мемлекеттік шекара туралы заңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауға қатысатын Үкіметтің және басқа мемлекеттік органдардың құзыреті көзделген, ал Мемлекеттік шекараны күзетуді қамтамасыз етуге жауапты негізгі органның құзыреті «Шекара қызметі туралы» Заңда жазылған, оның баптары «Мемлекеттік шекара туралы» заңда жазылған нормаларды қайталайды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолданыстағы Мемлекеттік шекара туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізді.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға әзірленген өзгерістер мен толықтырулар көлемі мазмұны бойынша оның 50% астам баптарын құрады, бұл «ҚР нормативтік-құқықтық актілері туралы» ҚР Заңына сәйкес нормативтік-құқықтық актіні жаңа редакцияда қабылдауды талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет