1 билет Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері


Фундаменталды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ұлтаралық және дінаралық келісім жөнінде «Қазақстанның даму жолы» еңбегінде



бет48/83
Дата23.04.2023
өлшемі262,12 Kb.
#85783
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83
77. Фундаменталды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ұлтаралық және дінаралық келісім жөнінде «Қазақстанның даму жолы» еңбегінде
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетініңқазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады. 
Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конституциясында республика территориясында тұратын кез-келгеназаматтың толық құқықтылығына кепіл болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған. [Қазақстан Республикасының Конституциясы -Астана: Елорда. 2008 жыл 1, 8-бет].Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының өзгелерден ерекше артықшылық пен үстем болып ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт ұйытқы және оның айналасында біріктіруші ұлттар дəрежесінде біріктіру саясатын ұстанған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді. 
18 билет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет