1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері



бет3/65
Дата28.12.2023
өлшемі360,43 Kb.
#144510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында-emirsaba.org

Эксперимент – бұл білім алушыларды химия ғылымына қызықтыруға мүмкіндік беретін, теориялық білімді тәжірибеде қолдану қабілетін дамытушы химиялық заттар және олардың айналулары туралы білім көзі. Химиялық эксперимент химиялық білімді меңгертуде жетістікке жетудің қажетті жағдайы ғана емес, сонымен бірге ол химиялық өндіріс технологиясын түсінуге көмектеседі, жасөспірімдердің пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады, бақылаушылық, өз бетінше жұмыс жасау және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына, теориялық білімін пайдалана отырып, бақылаған құбылысын түсіндіре білу, себеп-салдар байланысын орната білу білігінің дамуына әсер етеді. Химияны оқыту жағдайында нақты осы химиялық эксперименттің алатын орнының ерекшелігі сол, ол химиялық білім беруде оқу үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады. Химиялық эксперимент сан түрлі дидактикалық қызметті әр түрлі формада, әр түрлі әдістер мен оқу құралдарын пайдалана отырып орындай алады. Толықтай ол білім алушының өзіндік қабілетін біртіндеп арттыру принципін қолдану жүйесін көрсетеді. Химиялық экспериментті алынған нәтижелер мен шығарылған қорытынды дұрыстығының критерийі ретінде қарастыруға болады.
Химиялық эксперимент кезең-кезеңімен жүргізіледі: бірінші кезең - тәжірибе құрылымын негіздеуекінші кезең - жұмысты жоспарлау және жүргізу, үшінші кезең - алынған нәтижені бағалау. Білім алушылардың белсенді іс-әрекеті - химиялық эксперимент барысындағы маңызды компонент болып табылады.


  1. 7.4А «Адам ағзасындағы химиялық элементтер мен қосылыстар» (7 сынып) бөліміне сәйкес эксперименттік сипаттағы тәжірибеге бағытталған тапсырманы көрсетіңіз.

11-зертханалық жұмыс Тыныс алу процесін зерттеу


1­оқушыға
Реактивтер:­ •­50­мл ­әкті­ су.
Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар: •­100­мл-лік­ стақан­—­1­дана;­ •­түтік­—­1­дана;­ •­айна­—­1­дана. Қауіпсіздік техникасы ережелері.­Әкті­ су мен­ жұмыс­ жасағанда қорғағыш­ көзілдірік­ кию ­қажет.


1-тәжірибе. Әк суын үрлеу. Мұғалім ­берген ­сынауықтағы­ мөлдір әкті ­суға түтікшені­салып,­түтік­ арқылы­ үрлеңдер.­Қандай­ өзгеріс байқалды?

2-тәжірибе. Айнаға үрлеу. Айнаны ­қолдарыңа ­алып,­оның ­бетіне дем­ шығарыңдар.­Қандай­ құбылыс ­байқалды?




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет