Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласындағы химиялық эксперимент. Мектептегі ОҒҚ-дың негізгі міндеттері.
Ғылыми зерттеу – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір объект жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген объектілермен танысу. Оның негізінде адам әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы үшін еске түсіру (репродуктивті) мен өзгерту (шығармашылық) бағытында болуы мүмкін. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни мұндай оқытуды бала өзі анықтайды, өзі басқарады, өзі жүзеге асырады. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес өзі ашады.
Жалпы міндеттері: Оқушылардың ғылыми қоғамы (одан әрі ОҒҚ) - өзінің интеллектісін дамытуға, ғылыми-зерттеу әрекет дағдыларын игеруге, өзінің белгілі бір ғылым саласындағы білімін жетілдіруге талпынған оқушы жастардың еркімен құрылған шығармашылық бірлестігі.
ОҒҚ өзіне ғылыми үйірмелерді, түрлі ғылым саласына бағытталған клубтар мен қоғамдарды, жеке секцияларды ала алады.
Оқушылардың ғылыми қоғамының қызметі Қазақстан Республикасы заң актілерімен, “Қазақстан Республикасы Білім туралы” заңымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық актілерімен сәйкес жүзеге асырылады.
Білім ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, адамзаттық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына қарқынды ықпал ету;