1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


Химия кабинетіндегі мұғалім мен оқушының жұмыс орны



бет60/65
Дата28.12.2023
өлшемі360,43 Kb.
#144510
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында-emirsaba.org

Химия кабинетіндегі мұғалім мен оқушының жұмыс орны.


Мұғалімнің жұмыс орны
Көрнекі көрсету үстелі - сыныптың алдыңғы жағында, оқушылар үстеліне қарама-қарсы бағытта 15-20 см биіктікте орналасады. Универсалды көрнекі көрсету үстелі екі бөліктен тұрады. Сол жақ бөлігінде мұғалім сабақ барысында табиғи обьектілерді, макеттерді, жинақтамаларды көрсетумен қатар, әр түрлі тәжірибелерді көрсетеді. Оң жақ бөлігі - мұғалімнің үстелі. Көрнекі көрсету үстелінде эксперименттік тәжірибелер көрсетіледі. Осы үстелдің астыңғы жағында екі тумба орналасады, оның сол жағында тумбада газ, су құбырлары шоғырланады да, ал оң жақ бөлігіндегі тумбаға төрт жәшік қойылады. Жәшіктерде әр түрлі ұстағыш, кескіш, қысқыш, салғыш т.б. құралдар, ыдыстар, қарапайым құралдардың бөлшектері, сондай-ақ сабақ кезінде жиі пайдаланылатын қажетті заттар болады. Қажетті заттарды мынадай сызбанұсқа бойынша жәшіктерге орналастырады: 1-жәшікке эксперимент жүргізуге қажетті құралдарды құрастыратын әр түрлі бөлшектер; 2-жәшікке алмасу реакцияларын көрсететін ыдыстар; 3-жәшікке заттарды алуға, жинауға, газдарды тазалауға арналған өлшеуіш ыдыстар мен құралдар; 4-жәшікке тәжірибелердің көрнекілігн арттыратын түрлі-түсті қалқандар, аппликациялық материалдар, магнитті тақталар қойылады.
Көрнекі көрсету үстелінің ең төменгі препараторлық бөлігіне арнаулы астаушаларға салынған ең қажетті реактивтер қойылады. Препараторлық бөлімде проекциялық апарат, графопроектор, т.б. техникалық құралдар болады. Көрнекі көрсету үстелінде мұғалім сабақ барысында табиғи обьектілерді, макеттерді, жинақтамаларды көрсетумен қатар, әр түрлі тәжірибелерді де орындайды. Ол сыныптың алдыңғы жағында, оқушылар үстеліне қарама-қарсы бағытта 15-20 см биіктікте орналастырады. Оның маңында тартпа шкаф, су құбыры, заттар салатын шкаф, сөрелер, электр жүйесі, қондырғылар, реактивтер сақтайтын шкафтар болады, сондай-ақ бұл жерде сынып тақтасы, химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесінің кестесі, техникалық оқыту құралдарының экраны мен басқару пульті орналасады. Осылардың бәрі мұғалімнің жұмыс орны деп аталады. Класс тақташасының да бірнеше түрі қолданылады. Ең көп тараған түрі -жақтаулы класс тақтасы. Ол ортаңғы негізгі бөліктен және қайрылатын 2 шетті шиттен тұрады.
Ескеретін жай: Мектеп тақтасы мен демонстрациялық үстел арасындағы
1м, ал демонстрациялық үстел мен бірінші партаның Қашықтық арақашықтығы -0,8 м. Көрнекі көрсету үстелінің бір жағында екі көтермелі жақтауы бар тартпа шкаф орналастырылады. Қазіргі кезде тұрақты тартпа шкафтың бірнеше түрлері бар, олар: көрнекі көрсететін стационарлы - ККС, көрнекі көрсететін қозғалмалы - ККҚ, көрнекі көрсететін үстел үстілік - ККҮҮ, зертханалық
стационарлы - ЗС және зертханалық үстелге қоятын ЗҮҚ.
Тартпа шкафтың құрылысына қарай ені мен биіктігі әр түрлі болады. Ол
норматив құжаттарында көрсетілген. Тартпа шкафтың төменгі жағы сөрелері бар екі бөлімнен тұрады. Бір бөлімі зертханалық тәжірибелерге және сарамандық сабақтарға керекті қышқылдар, сілтілер, күйдіргіш реактивтер сақтауға пайдаланылады. Екінші бөлімде әр түрлі банкалар, кішкентай шыны сауыттар (склянкалар) сақталады. Тартпа шкафтың астыңғы жағы темір штативтерді сақтауға қолайлы. Сынып-зертхана бөлмесінің алды мен артына, жанына қойылған шкафтар ретіне қарай әр түрлі мақсатта пайдаланылады.
Оқушының жұмыс орны:
Каоинетте арқалығы жоқ орындықтар қолдануға болмайтынын есте сақтау қажет. Үш қатар үстел қойылса, шеттегілері жақ қабырғадан 0,5 м, төргі қабырғадан 0,65см, тақтадан алдыңғы үстелге дейін 2,5 см, ал үстел қатарларының өз арасы 0,65 см шамасындай болуы тиіс. Жыл ішінде екі шеткі қатарда отыратын оқушылар кем дегенде екі рет орын алмасады, ол дененің дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Сынып журналына оқушының бойы, қай жиһаз тобының қажеттігі, көруі және естуі туралы мәліметтер көрсетіліп жазылуы оқытушының оқушылардың дұрыс отыруын бақылауға жағдай жасайды. Сынып-зертханнадағы оқушылардың жұмыс орнының үлгісі көрсетілген. Сынып-зертхананың жиһаздарын оқушылар үстелінің орналасу ретіне байланысты қояды. Сынып-зертханада екі немесе үш орынды 30-35 оқушы сиятындай үстелдермен жабдықталып, екі немесе үш қатар етіп қойылады. Оқушы үстелдерінің барлығы темір бұрыштықтар арқылы еденге бекітіледі. Заттар оқушы үстелінен түсіп кетпеу үшін, әрбір үстелдің шет жағында ұзындығы 6-10 см келетін кемері болады. Оқушылардың сабақ уақытында пайдаланбайтын оқулықтары мен дәптерлерін, сөмкесін салып қою үшін арнайы жасалған үстел асты сөресі болады. Оқушылар үстелі су құбырымен, су құймасымен, айнымалы немесе тұрақты электр жүйесімен жабдықталады. Кей мектептерде оқушы үстеліне газ жанарғысы қосылған.
Оқушының жұмыс үстелінің беткі өлшемі 1200*600 мм. Сол жақта
реактивтер қойылған жәшік, ал оң жақта тәжірибеге қажетті құралдар мен

ыдыстары бар жәшік орналасады. Жәшік өлшемдері (ұзындығы -54 см, биіктігі-20 см).Реактивтерге арналған жәшік екіге бөлінген. Жіңішке бөлігі (14 см) және жалпақ бөлігі (40 см). Жіңішке бөлігінің ішінде 8 банкасы бар, екі суырмалы лоток орналасқан. Онда қатты заттар - алюминий, темір, мырыш, мыс, мыс (II) оксиді, кальций оксиді, магний оксиді, аммоний хлориді, аммоний сульфаты, калий карбонаты, кальций хлориді, мыс (II) хлориді, натрий хлориді, натрий сульфаты, натрий карбонаты, натрий фосфаты болады. Жалпақ бөлігінің ішінде реактивтері бар үш қатар етіп орналасқан сөрелер болады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет