Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал - жабдықтар : сынауықтарға арналған түрғы ; сынауықтар .
Қауіпсіздік техникасы .Қыздырғыш құралдармен , қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істеу ережесін сақтау .
Жұмыс барысы :
1 - тәжірибе . Сынауыққа 2 мл тұз қышқылын құйып , оған алюминийдің түйірін салыңдар . Не байқадыңдар ?
2 - тәжірибе . Сынауыққа 2 мл натрий гидроксидін құйып , оған алюминийдің түйірін салыңдар . Не байқадыңдар ?
Тапсырмалар : 1.Бақылаған құбылыстарыңды түсіңдіріп , алюминийдің химиялық қасиеттері жайлы қорытынды жасандар . Алюминий екідайлы қасиеттер көрсетеді , яғни ол қышқыл ерітінділерімен де , сілті ерітінділерімен де әрекеттеседі . Алюминий сұйылтылған күкірт және тұз қышқылдарымен жылдам әрекет теседі :
2Al + 6HCl → 2AlCl3+ 3H2
2Al + 3H2SO4 → Al2(SO4)3+ 3H2 Ал концентрлі күкірт , азот қышқылдары алюминийдің бетінде берік қалың қабат түзіп , енжарландырады . Сондықтан бұл қышқылдарды алюминийден жасалған цистерналарға құйып тасымалдайды .
Сілтілердің сулы ерітінділерімен алюминий әрекеттесіп , алюминаттар деп аталатын тұздар түзеді :