1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері



бет42/101
Дата31.12.2021
өлшемі8,76 Mb.
#23537
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101
Оқу жабдықтарының жүйесі: табиғи объектілер; табиғи объектілердің бейнесі; заттар мен құбылыстарды шартты құралдармен (кестелермен), техникалық оқыту құралдарымен сипаттау.

Оқыту құралдары - адамның табиғи тұрғыдан ойлап тауып, білім берудің алға қойылған мақсаттарына жету ұшін және оқушыларды оқытып-тәрбиелеуді жүзеге асыру үшін мұғалім мен оқушылардың қызмет құралы мен оқу информациясы ретінде оқу-тәрбие процесінде қолданылатын материалдық объектілері мен табиғаттың табиғи заттары.1.Табиғи обьектілер нақты зерттепбілу мақсатында объективтік шындықтың заттарын қамтиды. Олар: тұрлі материалдардың, шикізаттардың, кұралдардың, бөлшектердің, өсімдіктердің, гербарийлердің, жануарлардың, тұлыптардың (чучело), микропрепараттардың, реактивтердің және т.б. үлгілері мен коллекциялары. Оқу кұралдарының бұл тобына табиғи көрнекі кұралдар, өндірістік-оқу, демонстрациялык, зертханалық кұралдармен қоса оқушылардың кәсіби тәжірибелері мен шеберліктері шындалатын өндірістік-оқу құрал-жабдықтарын да жатқызуға болады.

2. Материалдық объектілерді суреттеу мен бейнелеу тобына жататындар: ұлгілер, муляждар (бедерлер), макеттер (ұлгілер), кестелер, иллюстрациялық материалдар (фотосуреттер, суреттер, портреттер), экрандық-дыбыс құралдары (диафильмдер, диапозитивтер (слайдтар) сериялары, кинофильмдер, транспаранттар, дыбыс және видео жазбалары, күй табактары, радио және теледидар хабарлары).

Мысалы, үлгілер:

1) түпнүсқаны ауыстыру тәсілі бойынша - материалдық және идеалдық (саналық, белгілік және рәміздік);

2) объектінің ішкі құрылымы бойынша (құрылымдық, функционалдық және аралас);

3) функционалдық қызметі бойынша (демонстрациялық, таратушылық);

4) затты бейнелеу тәсілі бойынша (динамикалық, көлемдік, аралас, статикалық, жазыктық).

3. Заттарды және объективтік шындықтың құбылыстарын шартты құралдармен (сөз, белгі, графика) көрсететін оқу құралдары тестік кестелерді, схемаларды, графикаларды, диаграммаларды, жоспарларды, карталарды, оқу кітаптарын: оқулықтар мен оқу құралдарын, есептер жинақтарын, өзіндік жұмысқа арналған нұскауларды, дидактикалық материалдарды және т.б. қамтиды.

Өз кезегінде білім берудің техникалық құралдары ерекше топты құрайды. Бұл оқу құралдары оқу процесі барысындағы хабарларды тарату кұралы болып табылады және ол үшін арнайы техникалық жабдықтар қажет болады. Оларға жататындар: транспаранттар, диафильмдер және кинофильмдер, видеофильмдер, дыбыстық таспа жазбалары, компьютерлік бағдарламалар және т.б.

Техникалық құралдар тобына сонымен қатар тұрлі проекциялық және дыбыстық аппаратуралар (кинопроекторлар, диапроекторлар, графапроекторлар, магнитофондар, бейнемагнитофондар); тренажерлар, әмбебап техникалық құралдар, лингафондық кұралдар, электрондық есептеу техникасы жатады.

Біздің ойымызша, сан алуан информациялық ортаны да жеке алып қарастыру керек сияқты. Мысалға, шын мәнісінде оқу кұралдарының санатына қосылмаса да, өзіндік ортаға тән жағдайды туындата алуға қабілетті және белгілі бір педагогикалық технологияны қолданған кездерде таным процесі, оқушылардың интеллектуалдық дамуы жүзеге асырылатын телекоммуникацияны (электрондық почта, электрондық конференциялар, информациялық ресурстар, интернет, жүйенің мультимедиасы) болады.

Бұл классификация (жіктеу) - факторларды жіктеу теориясындағы «даму факторы» сияқты ең маңызды факторды ескере отырып жасалған. Сондыктан да ол оқу кұралдарының мүлде жаңа тұрлерінің пайда болуына байланысты туындайтын классификациялық белгілерді бөліп алып қарастыруға мұмкіндік бере алады. Осы жіктеу жайындағы ғылыми тұжырымдар жарияланғаннан кейін біраз уақыт өткізіп пайда болса да видео жазбалары, электрондық есептеу техникасы, тренажерлар сиякты неше тұрлі оқу кұралдары білім беру жұйесінде өзіне лайықты орнын таба білді.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет