1 билет қР мектепте химия білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері


Тәжірибелерді көрсету техникасы – эксперименттің мақсаты; құрылғының сипаттамасы; оқушылардың бақылауын ұйымдастыру; қорытынды және теориялық негіздеу



бет40/101
Дата31.12.2021
өлшемі8,76 Mb.
#23537
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   101
Байланысты:
Экзамен жауаптар 2021 МПШХЭ (копия)

Тәжірибелерді көрсету техникасы – эксперименттің мақсаты; құрылғының сипаттамасы; оқушылардың бақылауын ұйымдастыру; қорытынды және теориялық негіздеу.

Әдістемелік әдебиеттерде жаңа оқу материалын үйрену кезінде оқушы экспериментін басқару үшін қолданылатын екі әдіс қарастырылады: зерттеу және иллюстративті. Зерттеу әдісін сипаттауда әдіскерлер мен дидактар арасында бірауыздылық жоқ;біреулері оұытудағы зерттеу әдістерін шамадан тыс күрделенедіріп, ғылыми зерттеу әдістермен қатар қояды;екіншілері бұл талаптарды азайтып, көптің қолы жететін еткізеді.

Зерттеу әдісінің күрделі вариантына мыналар кіреді:

1.Химиялық оқу экспериментінің мақсатын түсіндіру.

2.Оқушылардың гипотеза жасауы.

3.Экперимет жұмысының жоспарын құру.

4.Тәжірибе жасайтын приборларды немесе қондырғыларды ойласытру немесе құрастыру.

5.Тәжірибені орындау, бақылау, жазу;

6.Бақылаудан қорытынды және есеп беру;

7.Алынған нәтижелерді қолдану.

8.Тәжірибені орындау, бақылау, жазу;

9.Бақылаудан қорытынды және есеп беру;

10.Алынған нәтижелерді қолдану.

Зерттеу әдісінің мұндай күрделі варианты орта мектептегі химияны оқытуда кеңінен қолданылуы (оны сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады) мүмкін емес. Бұл әдістің оңай вариантын белгілі методист-педагог К. П. Ягодовский сипаттап жазған, ол зерттеу әдісі деп аталу үшін екі жағдай керек екенін атап өтеді:

Әр түрлі оқу объектілерін зерттеу негізінде оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен ббрын өзіне белгісіз ғылыми деректі (заттың белгісіз каеиеттерін, химиялык реакцияның ерекшеліктерін және басқа мәліметтерді) ашады.

Белгілі деректер негізінде (тәжірибеден, бақылаулардан не¬месе кітаптан оқушылар өздері алған біЛім) оқушылар белгілі дәрежеде өздігінен бүрын өзіне белгісіз ғылыми қорытындыны жасайды.

Оқушылар ашқан ғылыми деректер және корытындылар оларға бейтаныс болғанмен ғылымда белгілі болуы мүмкін. Оқушылардың даярлығына және басқа жағдайларға байланысты оқушылардың зерттеу әдісінін жоғарыда келтірілген күрделі схемадан өзге белгілері де болуы мүмкін.

Иллюстративті әдісті кейбір дидактикалық еңбектерде хабарлама әдіс немесе дайын білім әдісі деп атайды. Оның мәнісі мынада: мұғалім алдымен тәжірибе нәтижесінде алынуға тиістіні хабарлайды, айтылғандардын дүрыстығының иллюстрациясы есебінде оқушылар тәжірибені орындайды. Оқушылардың химиялық экспе¬рименті- күрделі педагогикалық процесс. Оның төрт негізгі бөлігі бар:

1)заттарды (тәжірибеге берілген немесе тәжірибе нәтижесінде алынған) зерттеу;

2)прибор әзірлеу немесе дайынын пайдалану;

3)тәжірибені орындау;

4)есеп жазу.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет