1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері


билет 1:Орфоэпиядағы фонетикалық процесс тер



бет5/21
Дата25.11.2023
өлшемі111,1 Kb.
#128106
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1 билет Төл зерттелім ғалымдардың пікірлері-emirsaba.org

5 билет
1:Орфоэпиядағы фонетикалық процесс тер
Протеза – (грек.алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын – негізінен, қысаң дауыстылар. Ол л,р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдынан жамалады.
Олай болатыны, қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лаң, лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атауыш сөздер бұл дауыстылардан басталмайды. Ы: лаж, лай І: леген,рәсім, рет, реніш Ұ: рұқсат, ру, рух Ү: Рүстем, рөл
Қазақ тілінде протезаның күші елеулі, ол өз алдына буын болып тұрады. Сондықтан, жазуда да жағаласып жүреді. Протезаны ескермеу өлеңге үлкен нұқсан болар еді.Орыс (Русь), ораза (руза), орамал (румал) сөздердің басындағы о-да протезаның нәтижесі,Екі-үш дауыссыздан басталатын орыс сөздері протезамен айтылады: ы (станция), ы (стакан), і (стенд). Мұның жазудағы көрінісі: үстел (стол).
Редукция – (лат.қайырылу) – бұл да дауыстыларға байланысты құбылыс . Сөз ішіндегі дауыстының көмескіленуі.
Редукцияға ұшырайтын қысаң дауыстылар.
Мысалы: Мағына – мағна, тұжырым – тұжрым, дәрігер – дәргер, тәжірибе – тәжрибе, көкірек – көкрек.
Диэреза – айтуға ыңғайлы болу үшін сөйлеу кезіндегі дыбыстардың бір-біріне әсері, ассимиляция кезінде пайда болады.
Мысалы: қалмады – қамады.
Эпитеза – протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңынан қосылуы. Мысалы: қаса батыр (қас батыр), тапа тал түсте (тап тал түсте).
Аферезисэлизияға қарама-қарсы құбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсірілуі. Сирек кездеседі.
Мысалы: Не істейін? – нестейін? Не ішесіз? – нешесіз?
Гаплология – сөз ішіндегі біркелкі буындардың бірінің түсіп қалуы. Мысалы: Араластыр – арластыр.Балалар – балдар
Апокопа – (гр. қысқарту) – сөздің қысқаруына әкеліп соқтыратын соңғы екпінсіз дауыстының түсіп қалуы (орыс. или – иль, чтобы – чтоб).Сөздің акценттік-фонетик процесінің нәтижесінде соңғы бір немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалған түрі. Мұндай құбылыс батыс тілдерінде жиі кездеседі. Орыс тіліндегі чтобы-ның орнына чтоб деу де осыған жатады. Аз да болса, қазақ тілінде де апокопа ұшырасады. Мысалы, жергілікті тілдік ерекшелік ретінде жұмсалатын бер кел (бері кел-дің орнына), керім (керемет-тің орнына) осының дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет