Құрылымдық нәруыздар-Ұлпаларда белгілібір тәртіппен орналаскан, кейбір нәруыздар, оларға пішін береді, тірек болады,осы ұлпаның механикалық қасиеттерін анықтайды. Мысалы,шеміршектермен сіңірлердің негізгі коппоненті, беріктігі жоғары фибрилді нәруыз коллаген. Басқа кұрылымдық нәруыз (эластин) өзінің ерекше құрылысына сәйкес, белгілі бір ұлпалардың жанжаққа созылуын қамтамасыз етеді (қан тамырлары,өкпе).
Рецепторлық нәруыздар-Сигналды молекулалар (гормондар, нейромедиаторлар) жасуша ішілік процестерге әсерін талғамды нәруыз-рецепторлармен әрекеттесу арқылы жүргізеді. Қанда айналып жүрген гормондар нысана-жасушаны тауып жасуша мембранасына бекіген нәруыз рецепторлары көмегімен әсер етеді.Жасуша мембранасы арқылы өтетін гидрофобты реттеуші молекулалар рецепторлары жасуша цитоплазмасында орналасқан.
Транспорттық нәруыздар-Қанның көптеген нәруыздары бір мүшеден екінші мүшеге айрықша лигандтарды тасымалдайды.Әдетте нәруыздармен комплекс түрінде, суда нашар еритін молекулалар тасымалданады. Мысалы, Мұндай қан плазмасы нәруызы альбумин май қышқылдарын және билирубинді (гемнің ыдырау өнімі), ал эритроциттер гемоглобині, О, өкпеден ұлпаларға бөліну тасымалдайды.Тасымалдаушы нәруыздар гидрофильді заттарды гидрофобты мембраналар арқылы тасымалдауға қатысады. Тасымалдаушы нәруыздарда лигандтармен талғамды әрекеттесу қасиеттері болғандықтан, олардың жасуша мембранасындағы жиынтығы, қандай гидрофильді молекулалар берілген жасушаға өте алатындығын анықтайды.Нәруыз-тасымалдаушылыр көмегімен жасушаға глюкоза, амин қышқылдары, иондар және т.б. молекулалар өтеді.
6.Иммуноглобулиндер. Иммуноглобулиндер, немесе антиденелер -В-лимфоциттерден бөлінетін - арнайы нәруыздар.Олар антигендер деп аталатын бөгде заттарға жауап ретінде бөлінеді.Адам организмінде в-лимфоциттердің 107 жуық клондары бар,олардың әрқайсысы иммуноглобулиндердің 10'7 түрінің бірін өндіруге маманданған.Барлық иммуноглобулиндер құрылысы жағынан ұқсас келеді,сондықтан олардың құрылысын IgG мысалы арқылы қарастырамыз. IgG молекуласы төрт полипептидтік тізбектен тұрады: екі ұқсас 220 амин қышқылынан тұратын жеңіл тізбектен(L - ағылшынша light)және әрқайсысы 440 амин қышқылдарынан тұратын екі ауыр (Н - ағылшынша heavy) тізбектен.
IgG жеңіл тізбектері 2 доменнен: полипептидтік тізбектің N-ұшында орналасқан вариабельді және С-ұшында орналасқан константты (С) тізбектен тұрады. Доменнің әрқайсысы полипептидтік тізбектік бөлімдері антипараллелді В-қатпарлы құрылымды 2 қабаттан тұрады,В-қабаттар коваленттік дисульфидтік байланыстар арқылы домендерарасында байланысқан.
IgG ауыр тізбектері 4 доменнен тұрады: полипептидтік тізбектің N-ұшында орналаскан бір вариабельді (V) және үш константты (Ch1, Сн2, Сн3).IgG ауыр тізбек домендері жеңіл тізбек домендерімен гомологтық құрылыстары бар. Сн және Снә ауыр тізбек домендері арасында екіншілік құрылымға кедергі келтіретін, көрші Н тізбектердіде бір-бірімен байланыстырмайтын пролин қалдығы бар бөлім бар. Бұл бөлімді «топсалы аймақ» деп атайды, ол молекулаға-иілгіштік-қабілет-береді.Иммуноглобулиндер-ауыр-тізбектерінің-5-классы-бар:альфа,бета,е,пи,нью.Соған сәйкес иммуноглобулин класстары:A,D,E,G,M