1. Биологиялық және экологиялық процестер мен жүйелерді талдаудың ақпараттық тәсілдері


Электрондық оқытудың бағалау критерийлері



бет24/27
Дата16.12.2022
өлшемі1,81 Mb.
#57705
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
55. Электрондық оқытудың бағалау критерийлері

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістің бірі – қашықтықтан оқыту форматы.Даму жолындағы мемлекет болғандықтан,оқытудың бұл технологиясын қолданудың өзі жетістік деп айтуға болады. Себебі бәсекеге қабілетті, кәсіби маман жаңа білім алу жолдарын меңгеріп, іске асыра білуі тиіс деп ойлаймын. Алдымен, қашықтықтан оқыту жүйесі дегеніміз не деген сауалға жауап іздесек.
Қашықтықтан оқыту – оқушы мен ұстаздың жанама немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. «Онлайн» режиміндегі оқу сабақтары білім алушы мен педагог арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті үдерісін қарастырады. Қашықтықтан оқыта отырып, оқушының алған білімінің нәтижесін бағалау немесе күнделікті оқушы қандай деңгейде білімге қол жеткізіп жатыр деген сауалда әрбір адамзатты толғандырады. Осы тұрғыда критериалды бағалаудың қашықтықтан оқытудағы тиімділігі және жолдары деген ойға тоқталып өтсем.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдынала белгіленген критерийлердің (Р.Ю.Глейзер енгізген) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше деуге әбден болады. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды қамтиды.
Күнделікті сабақтың өн бойында жүретін бағалау қалыптастырушы бағалау. Бұл бағалаудың түрі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін байқатады, оқудағы қиындықтарды анықтауға, оқу бағдарламасындағы белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:

  1. қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту;

  2. ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;

  3. уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаныояту. Олай болатын болса, қазіргі таңда қашықтықтықтан оқыту барысында оқушыларымызды бағалау тиімді болды ма? Біріншіден мұғалім тарапынан әр баланың орындаған тапсырмасын көре отырып, жеке кері байланыс, түзетімдер енгізу кеңінен қолданылды деуге болады, себебі онлайн режимінде асинхронды қатынас жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз баланың қаншалықты білімді игерді немесе бойында құндылық пен қажетті дағдының қалыптасқаны диалогтық қатынаста көрініс табады.Оқушы өзінің әлі де түзетімдер енгізуді қажет ететін тұстарын, тез арада өзгертуге мүмкіндік алады. Бұдан шығатын қорытынды қалыптастырушы бағалаудың бірінші функциясының орындалғанын байқатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет