52. Электрондық кестелер, сандық ақпарат массивтерімен жұмыс жасау принциптері
MS Excel – Microsoft Office дестесі қосымшаларының құрамына енетін электрондық кестелермен жұмыс істеу программасы. Excel-ді кестелік процессор деп те атайды. Себебі оның көмегімен кез келген кесте түрін жасауға, қуатты математикалық, статистикалық, финанстық есептеулерді жүргізуге мүмкіндік бар. Программаның жұмысы калькуляторға ұқсас, бірақ одан жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары. Күрделі есептерді шешуге және санды деректер негізінде диаграмма жасауға болады.
Excel-ді қолдану аумағы
Excel парақтары дайын кестелерден тұрады. Сондықтан бұл программа есеп құжаттарын жасау үшін жиі қолданылады (мысалы, сабақ кестелері, магазиндерде прайспарақтар);
Excel-де ұяшыққа енгізілген санды мәліметтерден диаграмма және графиктер жасауға (халықтың өсу, магазиндерде тауарлардың сатылу динамикасын анықтауға) болады.
Excel-де қарапайым үй бюджетін (жаратылған қаржы немесе кіріс) есептеу немесе жеке есептерді шешуге болады.
Excel программасы арқылы деректер базасын құруға болады.
Ехсеl программасының Windows-қа арналған нұсқалары (версиясы) көп. Оның тарихы 1985 жылдан Excel 1.0 нұсқасынан басталады. Excel программасы елімізге 1997 жылы білім саласын компьютерлендірумен байланысты енді. Ол Windows-тың алғашқы нұсқасымен бірге тарады. Елімізде алғаш танымал болған Windows 95 жүйесінде Excel 7 программасы қолданылды. Бұдан кейі оның өлшемдері көбейді.
53. Блумнын, білім беру мақсаттары таксономиясына негізделген цифрлық және ақпараттық сауаттылық таксономиясы
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді
-ой-өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;
-пәнге деген қызығушылығын арттыру;
-жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысына тиімді қолдану;
тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсендігін арттыру жолдарын қарастыру.Соның бірі, әрі сабақта оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда тиімді Блум таксономиясы.
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.
Репродуктивтік әдіс. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің үлгісі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен тәжірибе жасайды. Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Мұғалім сөздік, көрнекілік, тәжірибелік әдістер арқылы жаңа оқу материалын түсіндіреді, ал оқушылар оларды тапсырмаларды орындау үшін қолданады. Білімнің көлемі көп болғанда репродуктивтік әдіс түсіндірмелі-иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |