Виртуальды білім беру ортасы. Виртуалды аудиториялар мен сыныптар
Виртуалды үйрену орталығы (virtual learning environment, қысқаша VLE) — интернет технологиясын қолданып онлайн ортада білім беру ортасы. Бұл ортада білім талапкерлері виртуалды класстарға, оқу материалдарына, тесттерге, тапсырмаларға, өз алға бағаларын, академиялық күнтізбе, басқа онлайн ресурстарына интернет немесе локалды желі арқылы қол жеткізе алады.
Виртуалды сабақ – онлайн және офлайн технологияларымен қамтамасыз етілетін оқу сабақтарының түрі. Оқытушы ОӘК-дан (оқу-әдістемелік материалдар) немесе оқытушының қалауы бойынша басқа көздерден тапсырмалар, пайдалы ақпараттар, сілтемелері бар жаңа тақырыптар жасайды. Виртуалды сабақтар кезеңінің ұзақтығы 1-тен 15 аптаға дейін.
Виртуалды мәліметтер базасы (Виртуальная база данных; virtual database) — мәліметтер базасын басқарудың еркін жүйесінің әрбір интегралданатын мәліметтер базасынан түрдендіріліп алынуы мүмкін болатын мәліметтердің елестелетін ұсынымы
Төңкерілген сынып: оқыту принциптері мен әдістері. Биология сабағында қолдану мүмкіндіктері
«Төңкерілген сабақ» дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздесек, мына жәйтке назар аударайық: әдетте біз аралас сабақта жаңа тақырыптың теориясын сыныпта талқылаймыз (өзіміз түсіндіреміз, оқулықты оқытамыз, т.б.), ал үйге практикалық тапсырма береміз (жаттығуларды орындау немесе есептерді шығару, т.б.). Теория – сыныпта, практика – үйде.
Ал төңкерілген сабақта бұл оқу әрекеттері керісінше, «төңкерілген» болады: теория үйге өздігімен қарастырылуға беріліп, сыныпта практикалық тапсырмаларды орындау ұсынылады. Теория – үйде, практика – сабақта.
Төңкерілген сабақтың ауқымында қарастырылатын тақырып оқушыларға үйге оза өздігімен зерттеуге беріледі. Тапсырманың екі нысанда болғаны дұрыс. Біріншісі - ауызша: «Мына параграфты (немесе материалды, не мәселені, не проблеманы, не мақаланы) оқып (немесе танысып, зерттеп, қарастырып), мына сұрақтарға жауап беріңіздер (немесе «Мына мәселердің қалай шешілетініне назар аударыңыздар», «Шешілетін 3 жолын көрсетіңіздер»)» деген сыңайда.
Екінші тапсырма – жазбаша. Мәселен, «Осы параграф (мәселе, тақырып, сұрақ, материал, т.б.) бойынша кесте (немесе диаграмма, гистограмма, кластер, менталды карта, т.б.) құрастырып келіңіздер» деп ұсынамыз. Немесе «Осы мәселе жайында мына 3 сұраққа жазбаша жауап жазып келіңіздер», не эссе жазу, жаттығу орындау, есеп шығару немесе құрастыру секілді жазу тапсырмаларын орындауды тапсырамыз.
«Жазу – дәлел» демекші, оқушылардың жазба тапсырмалары олардың үйге берілген тақырыпты қандай деңгейде игергендігінің айғағы болады. Олардың материалды білгендігін, түсінгендігін, талдай алатындығын, рефлексия жасай алатындығын олардың өз қолымен жазғандарынан көре де, өлшей де, бағалай да аламыз. Егерде сабақта мұғалім «Балалар, үй берілген тапсырманы орындадыңыздар ма?» деп сұрағанда, оқушылар жамырай «Иә!» деп жауап берсе, ұстаз олардың бұл жауабын ауызша қалай тексере алады? 20-30 баладан тұратын сыныпта үй тапсырмасын қанша оқушыдан сұрай алар екен? Мүмкін ең жақсы жағдайда оншақты оқушыдан болар. Ал қалғандарының не білгені,
олардың білімін қай бағытта және қалай дамыту керектігі назардан тыс қала ма?
Ал жазу жұмысынан әр оқушының тапсырманы қалай орындап, үйге ұсынылған тақырыпты қалай меңгергенін анықтауға болады. «Жазу – дәлел» деген осы болар.
Бұған қоса мұғалім үйге оқушыларға өзінің осы тақырып бойынша оқыған шағын лекциясын да беріп жібереді. Ол үшін мұғалім камераға не ұялы телефонға 8-10 минуттық өз лекциясын түсіреді. Жолай ол дәрісінің негізгі ұғымдарын тақтаға жазып немесе слайд көрсете отырып түсіндіреді. Осыдан соң мұғалім лекциясын оқушыларға What’s App арқылы жіберуіне болады. Оқушылар осылайша үйге берілген жаңа тақырыпты игеру барысында бірнеше ресурсты (материалдарды, мәтіндерді) қолданады, олардың ішіне, мәселен, оқулық №1, оқулық №2, мұғалімнің видеодәрісі, мұғалімнің сілтеме жасаған Интернет сайты, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |