жартысы)
20-30 жылдарда қазақ қаламгерлері өндіріс дамуының символы ретінде қолданған сөздер (Темір жол, зауыт, фабрика)
"Алаш" партиясының өкілдеріне тағылған жала: ("Халық жауы")
XIX ғасырдың екінші жартысында және XX ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланысты
болған туысқан халықтар: (Татар, қырғыз, өзбек)
Мұхаметжан Сералиннің XX ғ. басында әдебиеттің қандай саласын қалыптастырған? (Публицистиканы)
Қазақ прозасының туу, қалыптасу дәуірінде шеберлік танытқан, терең ой әкелген жазушылар:( Ж. Аймауытов, Б.Майлин, М. Әуезов)
"Қазақ" газеті қай жылдан шыққан? (1913 жылдан, 1918ж.дейін)
"Егемен Қазақстан" газетінің 1920 жылдардағы аты: ("Еңбекші қазақ")
Тұңғыш қазақ театрының ашылған уақыты: (1926ж)
1926 жылы Қазақ театрының тұңғыш шымылдығы ашылған пьеса: ("Еңлік-Кебек")
Қазақ театрының туып, қалыптасуына әртіс ретінде үлес қосқан азаматтар: (Қалыбек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов)
Жұмат Шаниннің сатиралық драмасы: ("Үш бажа")
30-жылдарда едәуір дамыды:(Саяси лирика)
30-жылдарда пайда болған жанр:(Очерк жанры)
30-жылдар әдебиетінде көрнекті орын алатын Саттар Ерубаевтың романы:("Менің құрдастырым")
1920-1930 жылдар әдебиетіндегі дарынды, бірақ өмірі қысқа болған ақын қыз: (Шолпан Иманбаева)
Қазақстан жазушыларының I съезінің өткен жылы:(1934 жылы, 13-18.06)
Мәскеудегі қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі өткізілген жылы: (1936 жыл)
Нұрпейіс Байғаниннің (1860-1945ж.) "Ер туралы жыр" поэмасының кейіпкері: (Нарсұтбай)
Сюжетін халықтың тарихи аңыздарынан алған, зарлы заман оқиғаларын суреттеген шығарма: (Иса Байзақов,