( Мұрат Мөңкеұлы ). Түре айтыс –бір –бір ауыз өлеңмен қысқа да шапшаң жауаптасып отыратын ,көбінесе ақындармен қатар , жалпы көпшілік қолданатын қатар .Сүре айтыс- тек суырыпсалма өлеңге әбден төселген,нағыз ақындардың ,ұзақ сөйлеп ,көсіліп жырлайтын түрі.
Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаз болған ақын :( Мұрат Мөңкеұлы ). Мұрын жырауға 14 батырдың жырын үйреткен.
Мұрат ақынның үзіндісіндегі көркем сөздер:
Жылы қылып сөйлейін ,
Жазғы желдің лебіндей :( Эпитете , теңеу.) Мұрат Мөңкеұлының отарлаушыларды батыл әшкерелеген өлеңі :(«Үш қиян» , «Сарыарқа», «Әттең , бір қапы дүние –ай!»)
М.Мөңкеұлының «Үш қиян » толғауында сөз болған жер –су атаулары: (Батыс Қазақстан өлесі , Атырау аңғары , Ойыл , Қиыл ,Жем , Сағыз.) М.Мөңкеұлының толғау –дастандары :(«Қарасай –Қази », «Қазтуған », «Шәлгез»). М.Мөңкеұлының өз заманының әр түрлі адамдарының бейнесін жасаған арану өлеңдері :(«Айжарыққа », «Қарақожа болысқа » , «Естемір Тұрабай болысқа ») . М.Мөңкеұлының айтыстарының ерекшелігі :(Түре айтыста да , сүре айтста да үздік шығуы,Халық атынан сөйлеуі.)
Махамбет Өтемісұлы Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) -ақын ,күйші , сазгер , отаршылдыққа қарсы И.Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1838)ұйымдастырушылардың бірі ,осы көтерілістің алынды жыршысы .Алғаш 1908жылы Қазанда 100жолдан астам 2толғауы , 1911жыылы Орынборда өлеңдерінің үзінділері басылды.1939 жылы Қ .Жұмалиев ақын өлеңдерінің жинағын шығарды.
2003 жылы 200 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді . 11 күйі ( «Өкініш », «Қайран , Нарын », «Жұмыр қылыш », «Терезе» т.б.) «Шашақты найза , шалқар күй » (1982) деген атпен жарық көрді .
Туған жері : Батыс Қазақстан обл ,Жәнібек ауданы Бекетай құмы.
Қаза болды : Қараой өңірі (Атырау облысы , Махамбет ауданы ) Махамбеттің әкесі :( Өтеміс) Махамбеттің туған жері :( Батыс Қазақстан облысы ) Махамбет дүниеге келген жер :( Нарын құм ) Нарын деген жерді ел құлағына сіңісті қылған батыр аты: ( Махамбет )
Адыра қалған Нарынның Теңіз деген суы бар , Жыңғылы мен тауы бар, Еңіреген ерлердің Жібектей желбіретіп ұстар туы бар ,- деп туған жері туралы жырлаған ақын: ( Махамбет ) Арабша , орысша хат білген ақын: ( Махамбет ) М.Өтемісұлының ағасы , Жәңгір ханның 12 биінің бірі : ( Бекмағамбет ) Махамбет жас кезінде қайда болған ? :( Хан ордасында ) Махамбет жас кезінде Орынбор қаласында кімнің қасында болды ?(Зұлқарнайынның ) Жыраулардың ой толғанысын жалғастырған ереуіл ақыны :( Махамбет ) « Қара қазан , сары бала қамы үшін қылыш сермеген » жауынгер жыршы :
( М. Өтемісұлы ) Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген ? ( Жәңгір хан) Жәңгір хан старшындыққа тағайындаған адам :( Махамбет ) Махамбеттің :
« Хан емессің, қасқырсың , Қас албасты басқырсың. Достарың келіп табалап , Дұшпаның сені басқа ұрсын ! » - деп айтқан адамы :( Жәңгір хан ) Жәңгір ханның сарай ақыны атанған адам : ( Байтоқ ) Махамбет зілді сөздерін арнаған сұлтан: ( Баймағанбет) « Өтемістен туған он едік . Онымыз атқа мінгенде , Жер қайысқан қол едік ...» - деген үзінді алынған Махамбеттің өлеңі:
( « Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны ») « Жақсыларға еп едім , Жамандарға көп едім. Ерегіскен дұшпанның , Екі талай болғанда , Азыққа етін жеп едім , » - деген жолдар алынған Махамбеттің өлеңі:
( « Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны » )