1-блок: Жалпы кәсіптік пән Мектепке дейінгі педагогика және психология негіздері



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата17.10.2023
өлшемі371,49 Kb.
#117505
  1   2   3   4   5
Байланысты:
V002



1-БЛОК: Жалпы кәсіптік пән 
Мектепке дейінгі педагогика және психология негіздері

Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар 
 
 
1. Айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған 
психикалық әрекетімізді тұрақтата алу 
A) қиял 
B) зейін 
C) түйсік 
D) қабылдау 
E) ес 
2. Жалпылау 
A) ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке 
бөліктерге бөлу 
B) шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі 
қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алу 
C) ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі 
D) абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен 
түсіндіру 
E) біртекті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру 
3. Ойдың бастапқы формасы 
A) синтез 
B) ұғым 
C) салыстыру 
D) анализ 
E) нақтылау 
4. Сыртқы дүние заттарымен құбылыстарының байланыс-қатынастарының 
миымызда жалпылай және жанама сөз арқылы бейнеленуі 
A) қабылдау 
B) ойлау 
C) қиял 
D) түйсік 
E) зейін 


0002 – нұсқа 

5. Образды ес 
A) сезімдерді еске қалдырып отыру 
B) адам ойының түрлі формаларын (ұғым, пікір, ой қорытындылары) еске 
қалдыра алу қабілеті 
C) қысқа уақыттық естің әрекеттін нақтылы міндеттерін орындауға 
байланысты көрінетін түрі 
D) еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске 
қалдыру мен қайта жаңғыртып отыру 
E) заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда 
қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы 
6. Оперативтік ес 
A) заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда 
қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы 
B) адам ойының түрлі формаларын (ұғым, пікір, ой қорытындылары) еске 
қалдыра алу қабілеті 
C) сезімдерді еске қалдырып отыру 
D) қысқа уақыттық естің әрекеттін нақтылы міндеттерін орындауға 
байланысты көрінетін түрі 
E) еңбек әрекетіне байланысты туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске 
қалдыру мен қайта жаңғыртып отыру 
7. Адам миында сыртқы дүние заттары мен құбылыстар бейнелері танылып 
сақталуы және қайтадан жаңғырту процесі 
A) түйсік 
B) ес 
C) қиял 
D) зейін 
E) қабылдау 
8. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын үнемі тұтастай қабылдап, бірақ 
оның ұсақ-түйегіне жөнді мән бермейтіндер 
A) иллюзия 
B) байқағыштық 
C) аккомодация 
D) синтездік қабылдау 
E) анализдік қабылдау 
9. Заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс-
жақындығын, таяз-тереңдігін, бағыт-бағдарын қабылдау 
A) кеңістікті қабылдау 
B) байқау 
C) галлюцинация 
D) апперцепция 
E) иллюзия 


0002 – нұсқа 

10. Заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі 
A) зейін 
B) түйсік 
C) ойлау 
D) қиял 
E) қабылдау 
11. Интерорецепторлар 
A) ішкі мүшелерімізде орналасқан әсер етуші тітіркендіргіштердің 
сезгіштік күйлерін бейнелеу немесе хабарлау 
B) бірізді образдарға ұқсас, бірақ одан табиғаты бөлектеу заңдылықтың 
бірі 
C) сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің 
бейнесі 
D) дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын хабарлау 
E) сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп 
бейімделуге байланысты өзгеруі 
12. Экстерорецепторлар 
A) сыртқы сезім мүшелерімізде орналасқан әсер етуші 
тітіркендіргіштердің сезгіштік күйлерін бейнелеу немесе хабарлау 
B) сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің 
бейнесі 
C) дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын хабарлау 
D) бірізді образдарға ұқсас, бірақ одан табиғаты бөлектеу заңдылықтың 
бірі 
E) ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелеу немесе хабарлау 
13. Адамның сезім мүшелеріне сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының 
жеке қасиеттерінің сезім мүшелерінің тікелей әсер етуінен пайда болған 
мидағы бейнелер 
A) қиял 
B) ойлау
C) түйсік 
D) қабылдау 
E) зейін 
14. Ата-аналарды бағдарлама бойынша тәрбиеленушілердің қол жеткен 
жетістіктерімен таныстыру, тәрбиешінің талаптарына бағыт беру 
A) дәріс 
B) практикумдар 
C) конференция 
D) ашық сабақтар 
E) жеке тақырыптық кеңестер 


0002 – нұсқа 

15. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың формалары 
A) ата-аналар жиналысы, дөңгелек үстел, ашық сабақтар 
B) ойын, конфереренция
C) экскурсия, диспут 
D) бақылау, мерекелік шара 
E) әңгімелесу, шынықтыру, ата-аналар оқулары 
16. Тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау және тәжірибені 
педагогика ғылымы негізінде ойлау арқылы өткізу 
A) ата-аналар жиналысы 
B) дәріс 
C) конференция 
D) ашық сабақтар 
E) семинар-практикумдар 
17. Баланың сезім мүшелері эстетикалық нәр алуға, өмірдегі, көркем-өнердегі 
әсемдікті түсінуі мен оны қабылдауына ықпал етіп, шығармашылық 
қабілетін ұштауға мүмкіндік тудыратын бұл 
A) эстетикалық сезім 
B) эстетикалық талғам 
C) эстетикалық даму 
D) эстетикалық тәрбие
E) көркемдікке тәрбиелеу 
18. Эстетикалық сезім 
A) адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан принципері мен 
ережелерінің жиынтығы 
B) өмірдегі, көркем өнердегі әсемдікті қабылдаудан туатын эстетикалық 
нәр алу, толқу, рақаттану 
C) жас ұрпаққа жүйелі білім негіздері, табиғат пен қоғамның даму 
заңдылықтарын игерту, икемділігін, әдет-дағдыларын қалыптастыру 
D) айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып 
жатқан сапалық өзгерістер 
E) баланың өз талап-тілегін, сезімін, мінез-құлқын, тәртібін меңгере білуі, 
өзін-өзі алып жүруге тәрбиелеуі 
19. Мектепке дейінгі баланың қоршаған дүние мен өнер сұлулығын көру және 
оның жеке басына ықпал ету арқылы сұлулық қабілетін дамыту мақсатына 
бағытталған жүйелі процесс 
A) сенсорлық тәрбие 
B) ақыл-ой тәрбиесі 
C) адамгершілік тәрбиесі 
D) эстетикалық тәрбие 
E) еңбек тәрбиесі 


0002 – нұсқа 

20. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері 
A) үлгі ету, сендіру, мадақтау, кінәлау, бағалау 
B) әңгімелесу, мадақтау, бақылау
C) сендіру, практикалық, ойын 
D) бағалау, сөздік, жаттығу 
E) кінәлау, көрнекілік, экскурсия 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет