1-блок сұрақтары Лингвомәдениеттану — тіл жөніндегі гылымның бір саласы Тіл мәдениет құралы


Қазақ тіліндегі «Ерлік» концептісі. Мысалдар арқылы талдау жасаңыз



бет11/24
Дата20.04.2022
өлшемі42,27 Kb.
#31660
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
3. Қазақ тіліндегі «Ерлік» концептісі. Мысалдар арқылы талдау жасаңыз.

Ерлік,  ездік  жалпы  адам  атаулының  бәріне  ортақ  болмаса  да,  адамзат 


баласы оларды өздерінің таным-түйсігімен қабілет-қарымына қарай түрліше 
түсінеді. Ерлік, ездік концептісінің осындай ерекшелігіне байланысты аталмыш 
концептілерді  жалпыхалықтық  және  этностың  ерекшелігіне  қарай  бөлуге 
болады. Этностың  таным  дүниесінде  «Ерлік  пен  ездік»–бір-біріне  қарама-
қайшы,  бірінің  орнын  бірі  алмастыра  алмайтын  екі  ұдай  философиялық 
категориялар. XV-XIX ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясында орын алған «Ерлік» 
концептісі  басты-басты  мынадай  логикалық  және  тілдік  модульдерден 
тұрады. 
1-кесте Ерлік концептісі 
№ 
Логикалық моделі 
Тілдік моделі 


Ерлік – батырлық 


Жебелей жебе жүгірген 
Ерлердің арғымақтан игі малы болар ма; 
Жағаласса жыртылмас 
Ерлердің жеңсізден игі тоны болар ма. 
Дулығалы бас кескен 
Ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма 
(Шалгиіз жырау) 

Ерлік– ер қосағы, мәңгі жас 
Ерлік – бақыттың өткелі 
Ерлік – батырмен ашына 
Ерлікке әжім түспейді 
Ерліктің ақ кірмейді шашына 
(Тоқаш Бердияров). 

Ерлік – қару, биік, түзу, жас 
Қамыстың басы майда,түгі сайда 
Жәнібек Шақшақұлы – болат найза. 
Алдыңнан су, артыннан жау қысқанда 
Ер жігіттің ерлігі осындайда. 
Ағашта, биікті айтсаң қарағайды айт 
Жігітте ерлікті айтсақ Бөгенбайды айт 
Найзасының ұшына жау мінгізген 
Еменәлі Керейде Ер Жабайды айт 
(Тәтіқара ақын) 

Ерлік–жортуыл,  ас-сусыз  азап, 
құрбандық. 
Ереуіл атқа ер салмай 
Елеулі найза қолға алмай 
Еңку-еңку жер шалмай. 
Қоңыр салқын төске алмай 
Тебінгі терге шірімей 
Терлігі майдай ерімей 
Алты малта ас болмай. 
Ат үстінде күн көрмей 
Ашаршылық шөл көрмей?  
Ерлердің ісі бітер ме? 
(Махамбет) 
 
Кестедегі  ұғымдарға  жекеше  түсінік  берер  болсақ;  ерлік  батырлық. 
Алдымен  «ерлік»  ұғымы  батырлық  ұғымының  мәнін  ашады,  түсіндіреді. 
Оған  дәлел  кестедегі  жырау  толғауы.  Толғаудың  мазмұны  батырлықты 
бейнелеуге  құрылған.  Батырлық  –  «арғымақ»,  «тон»,  «жеңсіз»,  «алдаспан» 
сынды концепт құраушы мағыналармен ашылады.  
Арғымақ–серік;  тон,  жеңсіз  –  кіреуке;  алдаспан-қару.  Батырлық 
бейненің ашылуы да осыдан аңғарылады. 
Екінші «ерлікке» бара-бар ұғым былай берілген; ерлік мәңгілік жәнеер 
қосағы  жас.  Ерлік  –  бақыттың  өлшемі.  «Бақыт»  жалпы  ұғым,  ерлік  соның 
өлшемі.  Демек  «бақ»  қайсарлық,  өжеттілікпен  қатар  дамиды,  қатар 
қолданылады.  «Ерлік  –  батырмен  ашына»  осы  жолдарға  кеңінен  тоқталып 
көрелік.  «Ашына»  мағынасы  жақын,  етене  қарым-қатынас,  бүл  жерде  ақын 
ерлікті әйел ретінде батырға серік , қосақ мағынасында таниды  батыр  - ер, 
ерлікті-  әйел.  Батырлық  пен  ерліктің    қайшылықты  бірліктегі  ұғымдар  
ретінде осылай ашыла түседі. 
Ерлікке әжім түспейді. 
Ерліктің  ақ  кірмейді  шашына,-  деген  жолдар  ешкімде  ешнәрседе 
ұмытылмайды,  ескірмейді  деген  астарлы  мағынаны  білдіріп  тұр.  «Әжім» 
қартаю,  ақ  кіру,  қарттықтың  хабаршысы  болса,  ерлік  бұл  әрекеттерден  ада 
мәңгі жас, мәңгі баянды күйде қалады дегенді аңғартады. 
Үшіншіден, біз сараптаған ұғым «ерлік»қару, биік, түзу, жас. Тәтіқара 
ақын өлеңі тілдік модель яғни дәлел ретінде ашылады. Батырлардың тарихта 
көрсеткен ерліктері осынау шумақтарда анық айтылып, дәлелденеді.  
Шақшақұлының  –  болат,  найзадай  беріктігі.  «Болат»  біздің  ұғымда 
қайсарлық, беріктік, қару атауы. 
Бөгенбай – ерліктің озық үлгісі. 
Ер  Жабай  –  найзасының  ұшына  жау  ілгізген.  Ерліктің  озық  үлгілері 
осылар. Қарағай – түзу, мәңгі жас, берік ағаш. 
Төртіншіден ерлік жортуыл,  ас- сусыз азап, құрбандықты талап етеді. 
Ереуіл атқа ер салмай. Ереуіл сөзіне тоқталсақ; ереуілге шығу, ереуіл ат 
ұғымдарымен  сабақтасады.  Осындай  ереуіл-дайын  тұрған,  әзір  деген 
мағынада.  Ереуіл  ат  −әзірлік.  Тебінгі  терге  шірімей  –  төзімділік,  терлігі 
майдай ерімей, алты малта ас болмай – ас-су іштей, малтаға малдану  осының 
бәрі ерлікті құраушы ұғымдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет