63. Автордың мәтіннен корінуі. Лирикалық «мен»
64. Көрнск өнері және оның қызметі туралы теориялық пайымдар
65. Әдебиетті оқыту әдістемесі және бүгінгі ғылым
66. Әдістеме және ғылыми тәжірибе
67. ХУ-ХУІП ғасыр әдебиеті тарихына шолу. Жыраулар поэзиясын оқыту әдістері 68. Пәндер ықпалдастығы және инновациялық технология
69. Қазақ әдебиеті пәні және жаңартылған білім мазмұны
70. Әдебиет кезеңдеріне қатысты әдеби-сын, зерттеу, монографиялык еңбектерге шолу
2-блок сұрақтары
1. Қазақ тіліндегі баламасыз (эквивалентсіз) лексикаға мысалдар келтіріңіз
Егер, бір тілдің құрамындағы лексикалық бірлікке екінші тілдің сөздік құрамында сәйкестік мүлде болмаса, онда сөз баламасыз лексика жөнінде болмақ. Баламасыз лексика терминін Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров енгізген. Олардың түсінігі бойынша баламасыз лексика бұл «басқа тілде және басқа мәдениетте жоқ ұғымды білдіру үшін қызмет атқаратын, жеке мәдени элементтерге жататын сөздер, яғни бұл мәдениет элеметтері тек бір ғана А мәдениетіне тән, ал екінші Б мәдениетінде жоқ, сондай-ақ басқа тілге аударылмайтын сөздер, бір сөзбен айтқанда, аталмыш тілден тыс баламалары жоқ сөздер». Бұнымен қоса, баламасы жоқ сөздерге тән қасиет-олардың басқа тілдерге әркезгі сәйкестік арқылы аударылмауы, басқа тіл бірліктерімен байланыстарының болмауы. Бұл олардың мүлде аударылмайтынын білдірмейді. Әрине, негізгі тілде сөз болған заттарды, олармен байланысты бейнелердің маңызын дұрыс аудару мүмкіндігі аударылатын шығармада келтірілген шындықты білуді болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: |