19.Қалжа сөзінің мағынасы? Дүниеге сәби әкелу оңай емес. Әйелдің бар күш-қуаты азайып, әлсіреп қалады. Сондықтан қазақ халқы жас ананы ерекше күтімге алған. "Жас босанған әйелдің тісі әлсіз болады, түсіп қалуы мүмкін" деп суық ас жегізбеген. Қырық күн бойы қалжаның етін жегізіп, сорпасын ішкізген. Жақсы қалжалаған келіннің сүйектері қақсамай, тістері түспей, күш-қуатын жинап, алты күннің ішінде үй тіршілігіне араласып кеткен. Қалжа келіншектің күйеуінің мойнындағы міндеті саналғанымен, оны келіннің төркіні де әкеледі.
Қалжаның күнделікті жейтін еттен басты айырмашылығы – ол жас босанған ана мен баланың сыбағасы.
Қалжа жеген ананың сүті де нәрлі, құнарлы әрі жеткілікті болады. Сәбидің де, ананың да ұйқысы жақсарады.
Бірінші күні келін қалжаға сойылған қойдың алты буыннан тұратын мойын омыртқасын тісін тигізбей, қолымен мүжиді. Еттен тазарған жұлынды тік таяқшаға кигізіп, баланың мойны тез қатайсын деген ырыммен керегенің басына ілген.
20.Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады?
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.