1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Сұрақ Қашықтықтан оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдеріне сипаттама



бет47/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

12. Сұрақ Қашықтықтан оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдеріне сипаттама;
Мұғалім қай уақытта да заман ағымына қарай әрдайым жаңа әдістерге бейім болуы шарт. Дегенмен, қашықтан білім беруге көшу-коронавирустық індеттің таралуын азайтуға бағытталған қадамдардың бірі. Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы, нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, әр әдісін тиімді қолдануы шарт. Осы орайда әр ұстазға әрі жауапты, әрі ауыр жүк артылары сөзсіз. Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Қазіргі білім саласындағы талап та оқушылардың білім дәрежесінің артуын талап етіп отыр. Сондықтан да қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда тиімді тәсіл ретінде кейс технологиясын ұсынғым келіп отыр. Кейс технологиясы (ағылшынның case-портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады. Кейс технологиясына арналған материалдар түрлері мыналар. 1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқу жоспарлары бойынша электрондық тасымалдауыштарда материалдар кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері қолданылады. Мұндай әдістердің тыңдаушылардың белсенділігін , шығармашылық қабілеттерін арттыруға септігі мол;
2. Жұмыс дәптері;
3. Анықтама
4. Оқу, аудио, бейне материалдары.
5. Бақылау және емтихан материалдары (қазіргі білім саласында жб, тжб тапсырмалары). Кейс әдісінің көмегімен оқушылар өз беттерінше теорияны меңгере отырып, сонымен қатар өз ойын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Себебі оқушылардың көпшілігі естігеннің 5% және көргенінің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпараттарды бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады. Сондай-ақ кейстің құрамында білгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған құжаттар мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланады. Оқушы оқулықтың кез келген бетін қағазға басып шығара алады. Оқушы жағдаятқа талдау жасау арқылы болашақ маман ретінде қалыптасып, сабаққа қызығушылығы артады. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді. Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет