1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Компьютер- оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі техникалық құралы туралы талдау жасау



бет90/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

29.Компьютер- оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі техникалық құралы туралы талдау жасау
Компьтердің кең мүмкіншіліктерінің бірі – интернет жүйесі. Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге ықпал ететін интернеттегі программалардың қоры оқыту үрдісіне жаңа мүмкіндіктер жасайды. Осымен бірге оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы компьютерлік оқыту технолгиясының маңыздылығы күн өткен сайын анық аңғарылуда. Қазіргі заманда ақпараттың көптігі мен жету жылдамдығы, осы мәселенің психологиялық ерекшелігі де мектеп қабырғасында, сабақта компьютерлік технологияны меңгерудің маңызы мен қажеттілігін дәлелдейді. Қазақ тілін мектепте оқытуда қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұстану басты мәселе болып табылады. Қатысымдық тұрғыдан ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту үрдісінің тиімді болуы осы зерттеу жұмысында қатысымдық тұлға – мәтінді компьютер арқылы оқытумен тығыз байланысты. Өйткені компьютердің мультимедиалық мүмкіншіліктері оқушының тілін дамытуды жан-жақты басшылық жасай алады. Қазақстандық білім беру жүйесінде барлық пәндер бойынша электрондық құралдар жасалып жатқаны белгілі. Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен де көп байқауға болады.


30. Бастауышта инклюзивті білім беру жүйесі
Қазақстандық қоғамдағы инклюзивті білім беру мәселесінің түпмәнісі – гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастыра отырып,денсаулығына байланысты мүмкіншіліктері шектеулі тұлғалардың да өмірдің өзі таңдаған саласында оқып, жұмыс жасап, табысты болуына мүмкіндіктер жасалуы тиісті екендігі терең ұғыныла түсініледі.
Қоғамдық санада қалыптасқан заманауи гуманистік парадигмалардың ішіндегі білім беруді ізгілендіру (гуманизация) бағдарына тоқталатын болсақ,
бұл бағыттың мазмұнында этикалық нормалар, өзін-өзі ұстау нормалары мен ереже-талаптары қарастыралытыны белгілі. Адамдардың бірігіп білім алуында, қызмет етуінде бір-біріне деген қарым-қатынасының жауапкершілігін бірдей арқалауы керек екендігі туралы мәселе де осы салада қарастырылады. Инклюзивтік білім берудің гуманистік негіздері осылардан туындайды.
Алайда, қоғамдық сана өз болмысын жаңартып, әр адамның өмірлік жүйедегі орны мен құндылығы бар екенін түсінгенде ғана бұл идеяның қанат жайып дамитынына сөз жоқ. Қазіргі Қазақстан Республикасында бағдар етіп ұстанып отырған рухани жаңғыру бағыты инклюзивтік білім беру жүйесінің жаңа әрі сенімді теориялық және практикалық тұғырына айналады.
Осы салада қызмет етушілер мен зерттеушілер осы рухани тұманы дер кезінде және инклюзивтік білім берудің маңызды тірегі ретінде зерттеп, қол жеткен жаңа нәтижелерін инклюзивті білім беру жүйесінің іргетасын қалайтын, ожан әрі нығайтатын тұғырға айналдыруға ұмтылуы керек. Уақыттың өзі инклюзивті білім беру жүйесіне жайлы жағдайды туындатып отырғанын түсіне білгенде ғана қарқынды зерттеулер мен практикалық нәтижелер жасалынатыны белгілі. Сондықтан «рухани жаңғыру және инклюзивті білім берудің гуманистік бастау көздері» бағытында үлкен істер өз шешімін күтіп отыр деп айтуға болады.
Жалпы білім беру, оның ішінде, әсіресе, инклюзивті білім беру – адамзат дамуының маңызды мәселелерінің қатарында күн тәртібінен ешқашан түспейді, сондықтан да инклюзивті білім берудің гуманистік негіздері уақыт артқан
сайын дамып-жетіле түседі.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру және осы салада
қызмет ететін мұғалімдерді дайындау мәселесі басымдыққа ие болып келе жатқанына Қазақстандағы жоғарыда келтірілген мемлекеттік құжаттар мен бірге ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан әзірленіп, таратылып жатқан нормативтік-әдістемелік құжаттар дәлел бола алады.
Осылармен қатар, ғалымдар мен мұғалімдердің жарияланымдарын талдау барысы қазақстандық инклюзивтік білім беру жүйесінің гуманистік болмысы мынадай бағытта дамып келе жатқанын көрсетті:
- жарық дүниеге келген әрбір баланың оқып-білім алуға, ата-баба жинақтап, мұра еткен, адамзаттың жинақтаған өмірлік тәжірибесінен, мәңгілік рухани қазынадан өз үлесін мүмкіндігі келгенінше алуға құқы да, мүмкіндігі де бар екенін толыққанды түсіну бағыты;
- қоғам өмірге келген әрбір баланың денсаулығы мүмкіндік бергенінше білім алуына жағдай жасауы қажет;
- инклюзивтік білім беру жүйесінде маңызды орын алатын мәселе - жоғары оқу орындарынан бастап болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілерді, әдіскерлерді арнайы дайындау және ол үшін қажетті оқу бағдарламаларын әзірлеу;
- оқушыларға инклюзивтік жаңашыл білім беру тәсілдері мен жаңа оқыту модельдерін көптеп енгізу;
- инклюзивті білім беру барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға әлемдік ғаламтор жүйесіндегі білімдік ресурстар қолжетімді болуына жағдай жасау;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақтарда қолдану арқылы инклюзивті білім беру жүйесін жаңа сапалы оқу-дидактикалық қамтамасыз етуге көшу;
- инклюзивті білім беруде оқушыларға білімдік-дамытушылық орта құрып, ол үдеріске психология-педагогикалық және медицина-әлеуметтік қолдау жасау;
- мұғалімдер мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық орнауы керек, осындай ынтымақтастыққа ата- аналарды да тарту маңызды болып табылады;
- инклюзивті білім беруде оқушыларды өзімен-өзі томаға-тұйықталып қалған адамды емес, есесіне, ізгі, шынайы, адамгершілігі мол, мейірімді, рақымды, өзін сыйлау арқылы басқаларды да сыйлай алатынтұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеу, дамыту маңызды болып саналады;
- инклюзивті білім беру арқылы оқушылардың өздері дүниеге келген отбасыларында тәрбиелену мен тұру құқының орындалуын қамтамасыз ету жұмысы да қарқынды орындалады;
Инклюзивті білім берудің осындай бағдар ұстанып дамуы гуманистік инклюзивтік білім беру жүйесін қалыптастырып, негізін құрайды. Сонымен қатар, біздің ойымызша, маңызды саланың қалыптасуына үлкен сеп тигізеді,
Ол маңызды саланы мүмкін ішкі саралануынан туындайтын «инклюзивті гуманистік педагогика» деп атауға болатын шығар.
Педагогикадағы гуманистік технологияның негізін құраған педагог ғалымдардың пікірлерін талдай отырып, оның өзіндік ерекшелігі – мұғалімдер мен оқушылардың, оқытушылар мен студенттердіңбілім беру-білім алу үдерісінде бір-біріне жатсынбай, оқу-танымдық үдерістің айрылмас екі жағының біртұтастығы болуында. Гуманистік технология педагогиканың екі маңызды құраушысы болып табылатын – мұғалім мен оқушының жеке тұлғаларына өзара құрметпен қарауға, өзара түсіністік пен сенім және терең тамырлы сыйластық болуын қалайды және соған қалыптастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет