1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері(2019.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)



бет2/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері(2019.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Заң білiм беру сaласындағы қoғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгiлейді және Қазақстан Республикасы азaматтарының, сондай-ақ Қазақстан Рeспубликасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз eтуге бағытталған.
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
98 баптан тұрады


3.ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ​​​​​​
Бағдарламаның мақсаты: 1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту. 2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.
Міндеттері:

  1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту. 2. Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту. 3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету. 4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу. 5. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету. 6. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету

7. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдықтехникалық базамен жарақтандыру.
8. Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін енгізу.
9. Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.
10. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру.
11. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету
2-бөлім. Кіріспе
Қазақстанда білім беруді және ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. 2015 жылы республика өзіне Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына, оның ішінде бәрін қамтитын және әділ сапалы білім беруді және баршаға арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз етуді көздейтін 4-мақсатына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді қабылдады. Оған қол жеткізу үшін әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды: мектепалды даярлықты қамтамасыз ету, 12 жылдық мектеп білімінің моделі, оқушылардың бойында 21 ғасыр дағдыларын дамыту, арзан және сапалы ТжКБ мен жоғары білімге тең қол жеткізу. Аталған бағыттар қазақстандық білім беру жүйесі үшін де басым болып табылады. 2017 жылы Қазақстан ЭЫДҰ-ның екі бейінді комитеті – Білім беру саясаты комитеті мен Ғылыми және технологиялық саясат комитетінің қатысушысы болды, бұл қазақстандық білім жүйесі жетістіктерінің халықаралық танылғанын куәландырады. Алайда отандық білім және ғылым жүйесінде шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелер бар. Қазақстан халқының сауаттылық және құзыреттілік деңгейін бағалау әлемнің көптеген елдерінен елеулі артта қалғанын куәландырады. ЭЫДҰ-ның ересектердің (16-65 жас) құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасының (PIAAC) нәтижелері бойынша Қазақстан оқу бойынша 34-орынды, математикалық сауаттылықтан (39 елдің ішінен) 33- орынды және ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласындағы сауаттылық бойынша (36 елдің ішінен) 32-орынды иеленді. Қазақстанның нәтижелері ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің және Ресей Федерациясының орташа көрсеткішінен (оқу бойынша 9-орын және математикалық сауаттылық бойынша 15-орын) әлдеқайда төмен. Білім және ғылым жүйесіндегі бұл жағдай өзгермейтін болса, таяу перспективада ұлттық адами капитал одан әрі нашарлап, кәсіби кадрлардың азаюы және еліміздің экономикалық әлеуетінің төмендеуі орын алады.
Білім және ғылым сапасын жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 % қамтуға, 3 ауысымда оқытуды жоюға, ауылдық жерлерде тірек мектептерді интернаттармен 100 % қамтамасыз етуге, 150 және одан да көп оқушы оқитын мектептерде дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдай жасауға қол жеткізу күтіледі, кабинеттер мен мұғалімдер 100 % компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі, 180 тірек колледжін қазіргі заманғы жабдықтармен және бағдарламалармен 100 % қамтамасыз ету, жоғары білімді қаржыландыру 2 есеге, ғылымды қаржыландыру 7 есеге (43-тен 358 млрд. теңгеге дейін) ұлғаяды.
Педагог кәсібінің мәртебесін көтеру және педагогикалық білім беруді жаңғырту өзекті мәселе болып қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет