1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Педагогикалық технологияларды топтап бөлуін (классификациялау) сипатта



бет54/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

21. Педагогикалық технологияларды топтап бөлуін (классификациялау) сипатта
Қазіргі кезеңде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «технология» ұғымы кеңінен пайдаланыла бастады. «Технология» ұғымының мағынасы не?
Технологияға негізделген оқытудың мақсаты неде? Педагогикалық технологияның құрылымы қандай? Педагогикалық технологияның оқу-тәрбие процесіне қалай ендіруге болады? Оның нәтижесі қандай болмақ? Міне, осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
«Технология» сөзі грек тілінен енген және 2 сөз тіркесінен құралған:
ü «techne» – өнер, шеберлік, іскерлік дегенді білдірсе;
ü «logos» – ғылым, ілім дегенді білдіреді және «өнер туралы ілім» немесе «шеберлік туралы ілім».
Ал осы технология ұғымына оның қолдану саласын қоссақ, онда нақты технологияны қарастыруға болады. Мысалы, «педагогикалық технология» педагогикалық өнер жайлы ілім немесе педагогикалық шеберлік туралы ілім дегенді білдіреді.Нөлдік деңгейдегі инновация – жүйенің алғашқы қасиеттерін практика жүзінде түрлендіру (дәстүрлі білім беру жүйесі немесе оның элементтерін жаңадан қарастыру).
Бірінші деңгейдегі инновация – сапасы өзгеріссіз қалатын жүйенің сандық өзгерісімен сипатталады.
Екінші деңгейдегі инновация – жүйенің элементтерін қайта топтастырып, ұйымдастырушылық өзгерістерімен ерекшеленеді (мысалы, белгілі педагогикалық құралдардың жаңа комбинациясы, оның реттілігінің өзгерісі, пайдалану ережелерінің түрленуі).
Үшінші деңгейдегі инновация – ескі білім беру нобайының шегінен шықпай білім беру жүйесін жаңа жағдайға бейімдеу болып табылады.
Төртінші деңгейдегі инновацияда шешімнің жаңа нұсқасы болады (бұл көбінесе білім беру жүйесінің жеке компоненттерінің қызметтік мүмкіндіктерін кеңейте түсіп, қарапайым сапалық өзгерістері ретінде көрініс табады).
Бесінші деңгейдегі инновация – білім беру жүйесінің «жаңа буынын» құрумен ерекшеленеді (жүйенің алғашқы қасиеттерін түгел өзгерту болып табылады).
Алтыншы деңгейдегі инновация – жүйенің түрленуші қызметтік принципін сақтай отырып, жүйенің қызметтік қасиеттерінің сапалық өзгерісін сипаттайтын білім беру жүйесінің «жаңа түрімен» ерекшеленеді.
Жетінші деңгейдегі инновация – нәтижесінде жүйенің негізгі қызметтік принципі өзгеріске ұшырайтын білім беру жүйесінің жоғарғы, түбегейлі өзгерісімен сипатталады, яғни білім берудің «жаңа» жүйесі қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет