1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дидактикалық жүйесі туралы сипаттама



бет72/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдовтың дидактикалық жүйесі туралы сипаттама

Дамыта оқытудың Д. Б Эльконин — В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланыстьі. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болды. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруга басты назар ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
Оқу мақсаттарының қойылуы. Оны шешудің жолып бірлесе қарастыру , шешімнің дұрыстығын дәлелдеуүшеуі дамыта оқытудың мәні.
Д. Б. Эльконин - В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дөлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Неғұрлым мұғалім өзінің осы міндеттерін дұрыс орындаса, соғұрлым баланың сабақ материалын игеруі жеңілдей түседі. Екіншіден, жұмыс нәтижелі болу үшін оқушының мұғалім қойған талаптарды мүлтіксіз орындауы қажет етіледі. Демек, оқушы алдын ала бағдарлап, жоспарлап қойған іс-әрекеттің қатысушылары ғана болып қалады. Нәтижеде оларда тек жақсы орындаушылық қабілеттер қалыптасады. Сондықтан да тіл алғыш, айтқанды бұлжытпай орындайтын оқушы дәстүрлі педагогиканың идеалы, мұраты болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет