1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Оқыту үдерісіндегі бағалау және баға туралы сипаттама



бет71/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

9. Оқыту үдерісіндегі бағалау және баға туралы сипаттама
Сабақ барысында бағалау кезеңi оқушы үшiн де, мұғалiм үшiн де маңызды сәттердiң бiрi екенi сөзсiз. Оқушының бiлiмiн бағалау арқылы, оның түсiнiгiнiң қай деңгейде екенiн көруге болатын едi. Ал, қазiргi жаңа оқыту әдiстемесi, яғни оқыту үшiн бағалау модулiнiң идеясы бойынша оқушының ары қарай оқуға деген зейiнiн арттыруға, ынталандыруға, өзiнiң бағасын өзi шығаруға, өзгенi бағалауға қатыса алатыны, критерий арқылы өздерiнiң бағасын түсiнетiн және әдiл екенiн үйрететiн үдерiс екенiн Бағдарлама барысында алған теориялық бiлiмiмiздi мектепте «Екiншi бетпе-бет» кезеңiндегi iс – тәжiрибеде ұштастырғанда ғана түсiндiк. Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың» ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау, тұжырымдауда басты рөл атқарады, себебі мұғалім оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін, ойының ұшқырлығын, нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін байқайды.
Бағалау — оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде және сыри талдау, соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісінеқатысты тұжырым жасап, шешім немесе ұсыным шығаруға бағытталған қызмет.
Бағалау – оқушылардың оқу мен тану қызметтерін бақылау процесі, сонымен қатар, білім сапасын жақсарту мақсатымен оқушы туралы мәліметтерді сипаттау, жинау, тіркеу жіне интерпретациялау процесі.
Оқыту үшін бағалау (формативтік) - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын қандай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі
Оқуды бағалау (суммативті) - тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған,бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады.
Баға – бағалау процесінің нәтижесі, бағалау әрекеті немесе қызметі, кері байланыстың сапалық ақпараты.
Баға — оқыту үдерісіндегі қозғаушы күш. Сыни тұрғыдан алып қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, осыған қарап біз өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз, бұл кәсіби өсуімізге әсер етеді. Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Оқушыларға және олардың оқуына өзіміздің берген біліміміздің көрінісін көру үшін кәсіби өсуіміз туралы ойлануымыз керек. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Сондықтан да мұғалім мен оқушының сапалық өсуі, үйлесімді бір мезгілде жүргенде ғана оқу-әдістемелік деңгейінде сапалық өзгерістер болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет