1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді



бет9/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

Беріктік принципі келесідей заңдылықтарға негізделеді: мазмұнын игеру жəне оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы – оқу процесінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі объектив жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрылымына ғана тəуелді болып қоймай, оқушылардың сол пəнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, əрқилы оқу түрлері мен əдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады таңдамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады жəне ұзақ сақталады.
Игерілген білімдердің бекуіне жəрдемші оқу іс-əрекеті механизмдерін түсінуден дəстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:
– қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті көбірек іске қосылады.
Ғылымилық принципі. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондьщтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:
• педагогиканың, психологияның, озың тәжірибенің жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбектіғылыми түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;
• индуктивтік және дедуктивтік тәсілдерді қолдану;
• жаңа ұғымдарды жүйелі түрде қайталау;
• ғылыми таным әдістерін қолдану. Оқушыларды іздендіру, шығармашылық жұмыспен айналыстыру;
• жаңа ұғымдарды бір рет түсіндірумен шектелмеу;
• оқушыларды көрнекті ғалымдардық өмірі және қызметімен таныстыру;
• жаңа ғылыми терминологияны қолдану;
• оқушыларды ғылым жетістштершен таныстырып отыру;
• оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
• тәжірибе жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау;
• оқушының оқуында жаңалық ашуына, оған қуануына мүмкіндік беру;
• жалған сөйлемеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет