1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы


Әдістердің оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі



бет17/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

11. Әдістердің оқытудың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі
Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Әдіс – оқыту процесінің негізі деп айтуға болады, ол алдын-ала жоспарлан ған мақсат пен соңғы нәтижені байланыстыратын звено болып табылады.
Оқыту әдістері – бұл педагог пен оқушының оқу мақсатына жетуге бағытталған реттелген іс-әрекеті.
Оқыту — қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары мынадай:
— білім беру — бұл мақсат окушылардың танымдык іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, физикалық және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
— тәрбиелеу — әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді. Менің ойымша мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап – тілегінен туындайтын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет – дамытудың көзі екендігін, қарама – қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипатын, оқыту мазмұны мен жоспар бағдарларының оқу – тәрбие мақсатымен сәйкестігін, т.б нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық процесте қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды деп ойлаймын.
12.Оқытудың белсенді әдістері :
Оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері. Оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға болады. Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып отыруы керек.
Белсенді оқу тәсілі жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады, қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашып, нәтижесінде терең білім мен көзқарасты өзгертеді. Белсенді оқуда өз тәжірибесінің негізінде үйреніп, оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бірлескен оқу тәсілі құрылымдалған топтық жұмыстан тұрады. Бұл әдісте тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары жетіліп, ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдылары дамиды.
Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік береді, көптеген дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген уәжді арттыра алады.
Оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру тәсілінде оқушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында тексеру және кері байланыс ұсынылады. Яғни, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыра отырып қай бағытта оқыту керектігін анықтауға көмектесеміз. Сонымен бірге оқушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп, оқушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектесеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет