1-деңгей Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы



бет11/90
Дата18.12.2023
өлшемі281,06 Kb.
#140417
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90
Байланысты:
дид ответы акмарал

Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін өуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, бел-гісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.
Шарттары:
• оқылатын материалдарды әрбір жас кезеңдеріне бөлу;
• баланың ақыл-ойы белгілі бір пәнді оқуға әзір болу керек екенін ұмытпау;
• баланың дайындығын, дамуын және мүмкіндігін ескере отырып оқыту. Балалардың өмір тәжірибесін, қызығушылықтарын, даму ерекшеліктерін зерттеу және ескеру;
• балаларды оқыту арқылы дамыту;
• мүмкіндіктері бірдей оқушыларды біріктіру;
• жақсы оқушылардың дамуын тежемеу, оқу үлгерімі нашар оқушыларды тез қарқынмен жұмыс істеуге үйрету;
• оқытудық қарңынын белгілеп, керек жағдайда өзгерту;
• ұқсатуды, салыстыруды, қатар және қарама-қарсы қоюды кең қолдану;
• жаңа және күрделі материалдарды оқып үйренуге жақсы оқитын оқушыларды, бекітуге оқу үлгерімі нашар оқушыларды қатыстыру;
• өте асықпау!
• оқушыға келген ойды танымның соқы емес, басы деп түсіну;
• түсініктілік мұғалімнің аньщ түсіндіруіне және тіліне байланысты; ұғымдарды нақты және біржақты етіп тұжырымдап өмірден, әдебиеттен жарқын мысалдар келтіріп, бірсарынды сөйлемеу;
монологты ұзаққа созбау, мұғалім іс-әрекеті мен оқушы іс-ерекетін анықтап алу. Балалардың түсінігіне жеңіл оқу материалдарын өз бетімен оқуға беру;
• оқытудық алғаш сәтінде барлық білімді емес, тек негізгілерін беріп, бекітуге жаңа мысалдар, фактілер алып, жаңа білімді нақтыландыру;
• оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару;
• оқушылардың оқу жұмысын жеңілдете бермеу, олардың өз бетімен оқуына, оқу материалынталдауына көмектесу, бағыт беру;
• түсініктілік баланың жұмыс қабілетімен байланысты, сондықтан баланы жұмыс істеуге үйрету.


8. Қазіргі кезеңдегі оқытудың әдістері мен құралдары
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқьпу процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шыңдыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту әдістері – бұл педагог пен оқушының оқу мақсатына жетуге бағытталған реттелген іс-әрекеті және оқыту әдістері дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі, оқыту әдістері білім беру мазмұнын оқытудың жалпы мақсаты және міндеттерімен
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Бастауын ертедегі философиялық және педагогикалық жүйелерден алатын д ә с т ү р л i оқыту әдістері. Мұнда жалпы белгісі,негізі ретінде білімнің бастауы алынады. Ал бұған практика, көрнекілік, сөздік әдістер алынған. Мәдениеттің дамуына байланысты кейіннен бұларға кітап, одан кейін ақпараттардың күшті, қайнар көзі в и д е о және компьютер жүйесі қосылды. Сонымен бұл жүйеге практикалық көрнекілік,кітаппен жұмыс және видеоәдістер жатады. Бұл әдістердің әрқайсысы жекеленген әдістерден тұрады.
1. А у ы з ш а әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, кеңес беру, лекция, пікірталас, диспут.
2. К ө р н е к i л i к әдістер: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың байқауы.
3. П р а к т и к а л ы қ әдістер : тәжірибе, жаттығу,өндірістік -оқу еңбегі.
4. Кітаппен жұмыс — оқу , жаттау, реферат, көріп, оқып шығу, мазмұндама, жоспар құру, конспект жазу.
5. Видео арқылы - қарау, көру, оқыту, бақылау,мұғалімнің бақылауымен жаттығу, бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет