1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет62/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   131
14.Сақау ауруының күресу шаралары. Сақау (Adenitis equorum, мыт) – жіті өтетін, мал денесінің ыстығы көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабынып және жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жылқының жұқпалы ауруы. Сақаудың жұқпалы ауру екендігін 1888 ж Шютц анықтады. Қоздырушысы – Streptococcus equi - домапақ немесе сопақша микроорганизм. Мұнымен әдетте 5 айдан 1,5 жасқа дейінгі құлындар ауырады.

Сақаудан сақтандыру үшін малдың күтімін төмендетпей, құнарлы жемшөппен қамтамасыз етіп, әсіресе құлындардың күтімін бие байлау, құлын бөлу кезінде, сол уақыттағы аса ыстықтан немесе суықган қорғап, сақтандыру қажет. Ал әкелінген жылқыларды дауалау карантинінде 30 күн ұстайды. Жалпы жылқыны айына бір мәрте клиникалық байқаудан өткізіп тұру керек, ал қораларды тазалап, жазғытұрым және күзде дауалау дезинфекциясын жасайды.

Сақау шыға қалған жағдайда жылқы фермасын сау емес деп жариялап, мал алып-беруге, жемшөп тасуға шектеу қояды. Әрбір жылқыны клиникалық тексеріп, дене қызуын өлшеп шығады. Ауру жылқыларды бөліп, жеке ұстайды, қалғанын күн сайын тексеріп отырады, күтімін жақсартып, бір-бірімен араластырмайды. Қораны, оның айналасын тазалап, көңді биотермиялық зарарсыздандырудан өткізеді. Ауру малдар тұрған қораларды жұмасына бір рет дезинфекциялап тұрады.

Жазылған малдарды жұмысқа біртіндеп жегеді, ал сау малдарды байқап пайдаланады. Шаруашылықты індеттен сау деп ең соңғы ауру жылқы жазылған соң 15 күннен кейін хабарлайды. Ал шектеуді қорытынды ветеринариялық-санитариялық шараларды іске асырған соң барып алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет