1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері



бет97/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131
Байланысты:
Зооантропаноздық аурулар сессия 5-курс

7.Ньюкасл ауруының күресу шаралары. Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle, ньюкаслская болезень, псеводчума) – тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Newcastle disease paramyxovirus, парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус.

Шаруашылыққа псевдочуманы әкелмеу үшін құс шаруашылығында вет –санитарлық және алдын-алу ережелерін қатаң сақтайды. Шаруашылықта псевдочума шыққан жағдайда барлық ауру және күдікті құстарды өлтіріп, жояды. Ал қалған аурудан сау емес топтағы құстарды да өлтіріп, етін сол шаруашылықта 30 минут көлемінде қайнатып, ас ретінде қолданады. 2 айға дейінгі шөжелерді ересек тауықтардан бөліп, Ла-Сота және В1 вакцинасымен құстарға иммунизация жүргізу схемасы және қолдану туралы инструкциясына сәйкес егеді.

Аурудан сау емес шаруашылықтарға карантин қояды. Құстарды және олардың жұмыртқаларын шаруашылықтан шығаруға болмайды. Шаруашылыққа ауруға бейім құстарды, псевдочумаға вакцина салынғаннан кейін тек ветеринардың рұқсатымен ғана әкеледі. Карантинді соңғы рет псевдочума шыққаннан және сойғаннан кейін, барлық бейім құстарды вакциндеп, клиникалық байқаудан өткізіп, қораларға мұқият қорытынды дезинфекция жасағаннан кейін 3 аптадан соң алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет