1-деңгей Сібір жарасы ауруының эпизоотологиялық мәліметтері, өту кезеңдері


Ньюкасл ауруының патанатомиялық өзгерістері



бет94/131
Дата21.03.2022
өлшемі136,33 Kb.
#28521
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131
4.Ньюкасл ауруының патанатомиялық өзгерістері. Ньюкасл ауруы (Morbus Newcastle, ньюкаслская болезень, псеводчума) – тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән тыныс жолдары, ас қорыту мүшелері мен жүйке жүйесін зақымдайтын аса жұғымтал ауру. Қоздырушысы – Newcastle disease paramyxovirus, парамиксті вирустар туыстастығына жататын РНҚ-лы вирус.

Ауру өте жіті өткенде балапандардың өлексесін сойып қарағанда қарынның етті бөлігі мен сөл шығаратын жағы екіге бөлініп, қанталап тұрады. Тоқ ішектің ісініп, соқыр ішектің тармақталатын тұсының үлкейгені, ішектің ішкі қабығының қабынғаны, тік ішектің кілегейлі бездері мен қабығына ұсақ дақ түрінде немесе жолақтанып қан құйылғаны айқын көрінеді.

Тыныс мүшелері зақымданған жағдайда баиапандардың басы іседі, көмейі, кеңсірігі қызарып, таңдайы сілекейленеді, кеңірдек пен өкпе қабынады. Бүйрек пен соқыр ішектің қабынуы сирек кездеседі. Бұрын ауруға қарсы егілген сақа құстардың өлексесін сойып қарағанда көбінесе іш пердесі мен бауырының қабынғаны көрінеді. Басқа жүйелердің мүшелерінде ісіну немесе қанталау байқалмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет