8.Орнитоз ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Орнитоз (Ornithosis, орнитоз) – негізінен жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары мен конъюнктиваның зақымдануымен сипатталатын хламидиялық респираторлық ауру.
Тарихи деректер. Ауруды алғаш рет Маранга (1895) адамға тотықұстан жұғатындығын байқап, «пситтакоз» деп атады. Кейінен аурудың тотықұсқа ғана емес, басқа да құстарға тән екені анықталып, Мойердің (1941) ұсынысы бойынша «орнитоз» аталды.
Қоздырушысы – Chlamydia psittaci - хламидиялар тұқымдастығына жататын коктар тәрізді мөлшері 0,2-1,5 мкм, тіршілік циклы міндетті түрде торша ішінде өтетін микроорганизм.
Chi. psittaci сыртқы ортада төзімсіз, әсіресе, шіріген кезде тез өледі, 60°С-та 10 мин. өледі. Кептірілгенде 5 апта, бөлме температурасында күн көзінде 6 күнге дейін, суда 17 күн, құстың саңғырығында 4 айдан артық сақталады. 3% фенол, 5% лизол, 2% формальдегид, 2% хлорамин ерітінділері 3 сағатта өлтіреді.
Орнитозға үй және жабайы құстардың. барлығы да бейім. Табиғи жағдайда тоты құс, көгершін, үйрек, қаз, күрке тауық, қырғауыл және тауық ауырады. Бәрінен тоты құс тез ауырады, тауық басқа үй құстарына қарағанда төзімді. Ересек құсқа қарағаңда балапандар сезімтал.
Инфекция қоздырушысының бастауы ауырған құс пен жасырын хламидия алып жүрушілер. Ауырып жазылған құс ұзақ уақыт, 6 айдан астам, микроб алып жүреді. Организімнен хламидиялар тыныс жолдары арқылы және нәжіспен бөлініп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |